
2026 жылы округ бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны 442 адам, ол жалпы халық санының 41,9 % құрайды.
Бүгінгі күні 9 спорттық нысандар бар, олар: 1 хоккей алаңы, 1 воркаунт алаңы, 1 Ипподром, 6 балалар ойын алаңы бар.
1 спорт зал: 1 мектептің спорт залы, (соның ішінде күрес залы, бокс залы, жаттығу залы және ойын залы), Бұл спорт нысаны бүгінгі күні халық үшін қолжетімді.
«Дене тәрбиесі кадрлары» бойынша ауданда 3 спорт маманы қызмет атқарады. Олар: жалпы орта білім беретін мектепте – 2 мұғалім, балалар-жасөспірім спорт нұсқаушысы жаттықтырушы, спорт бойынша нұсқаушы – 1.
Бүгінгі таңда Көкентау ауылдық округінде 190 оқушы спорттың 5 түрі бойынша жаттығады. Атап айтқанда бокс, волейбол, дзюдо, футбол, қазақ күресі және тоғызқұмалақ.
2026 жылдары жалпы балалар-жасөспірімдер спортшылары облыстық жарыстарда 21 орын (оның ішінде 5 алтын, 8 күміс және 8 қола), Республикалық жарыста 3 орын (оның ішінде 1алтын, 2 күміс) медальдарға қол жеткізді.