Ауылдық округтің негізгі бағыты – мал шаруашылығы. Округ бойынша 01 қаңтар 2025 жылға 47 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 30 шаруа қожалық, ЖШС -1, АШК- 1, ЖК – 15.
Ауылдық округ аумағында малдарды асылдандыру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Ауылдық округ бойынша 3 шаруа қожалық («Нұрасыл», «Меңдеке», «Сұлтан») мал асылдандырумен айналысады.
Округ бойынша өткен жылмен салыстырғанда мал басы саны өсуде, ірі қара мал басы 6798, қой,ешкі 6326, жылқы 8951 , құс 355.
01.01.2025 ж.ет – 1182 тонна, сүт – 1671 тонна, жүн – 9,9 тонна , жұмыртқа – 12,8 мың дана өндірілді.