Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында білім беру гранттарын тағайындауға өтінім қабылдаудың басталуы туралы

13 шілдеден бастап eGov Mobile мобильді қосымшасы мен eGov.kz порталында білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Құжаттарды онлайн түрде 13 шілде сағат 09:00-ден 20 шілде сағат 18:00-ге дейін тапсыруға болады. Биыл қызмет жаңартылды. Енді жүйе талапкерге мемлекеттік білім беру грантының конкурстан тыс тағайындалғанын автоматты түрде тексереді.

Тексеру Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтері негізінде автоматты түрде жүргізіледі. Егер талапкерге мемлекеттік білім беру гранты конкурстан тыс тәртіппен бұрыннан тағайындалған болса, жүйе бұл туралы өтінім беру кезінде хабарлайды. Мұндай жағдайда eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қайта өтінім беру қажет болмайды.

Қалған талапкерлер өтінімді жалпы тәртіппен береді. Егер талапкер жеңілдік санатына жатса, өтінім беру кезінде тиісті мәртебе көрсетіледі және автоматты түрде расталады.

Өтінімді онлайн беру үшін пайдаланушыға:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Білім» – «Жоғары білім» бөліміне кіру;
  • «Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметін таңдау;
  • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу;
  • міндетті жолдарды толтырып, сұрау салуға қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы қол қою;
  • жеке кабинетте өтінімнің мәртебесін қадағалау. Өтінімнің өңделгені туралы хабарлама «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде көрсетіледі.

eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтінім беру тәртібі де осыған ұқсас.

Өтінім қабылдау кезеңінде жүктеме жоғары болған жағдайда eGov.kz порталы пайдаланушылар ағынын электрондық кезек арқылы реттейді. Электрондық кезекке қосылғаннан кейін пайдаланушының кезегі келгенде жүйе қызметке автоматты түрде қолжетімділік береді. Кезекті қолмен бақыламау үшін «Кезектің жақындағаны туралы SMS арқылы хабарлау» чекбоксын белгілеуге болады. Хабарлама мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне 1414 нөмірінен жіберіледі. Егер телефон нөмірі базада тіркелмеген болса, оны қолмен енгізуге болады. Күту барысында браузер қойындысын жабуға немесе жаңартуға болмайды, әйтпесе пайдаланушы кезектегі орнынан айырылады.

Өтінім бергеннен кейін талапкер eGov.kz порталындағы жеке кабинетінде білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқаны туралы электрондық анықтама алады.

Конкурс қорытындысы бойынша талапкерге білім беру грантының тағайындалғаны туралы электрондық сертификат беріледі. Ол 10 тамыздан кешіктірілмей eGov.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады. Егер конкурс нәтижесі бойынша білім беру гранты тағайындалмаса, жеке кабинетке бас тарту туралы ақпарат қамтылған хабарлама жіберіледі.

Қызмет ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қатысуымен іске асырылды.

 

Дата публикации
17 июля 2026
Дата обновления
17 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
23 июля 2026
Дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін Call-орталықтар арқылы тексеруге болады
Ақпарат
17 июля 2026
Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы