Ертіс ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылында көктемгі абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Күннің жылынуымен бірге ауыл ішіндегі жолдарды тегістеу жұмыстары атқарылды. 
Бұл шараның басты мақсаты — жолдардың сапасын қалпына келтіріп, тұрғындар мен көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау. Ауылдың санитарлық жағдайы мен инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.