Меню

Страницы

Статья

Еңбек қатынастарын еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу қажеттілігі туралы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастарының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлермен жасалған еңбек шартын, оның тоқтатылуын, сондай-ақ еңбек шартына енгізілетін барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге міндетті екенін хабарлайды. Аталған талаптарды орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Жұмыс берушілердің еңбек қатынастары туралы мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға енгізу міндеті ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында бекітілген.
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарындағы деректерге сәйкес ЕШЕБЖ-да 6,3 миллионнан астам еңбек шарты немесе 91% тіркелген. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 85%-дан 95%-ға дейін ауытқиды.

Еңбек шарттарын ЕШЕБЖ-да тіркеу жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының бар екенін ресми түрде растауға мүмкіндік береді, бұл азаматтардың еңбек, әлеуметтік және зейнетақы құқықтарын сақтаудың негізгі шарты болып табылады. Атап айтқанда, электрондық еңбек шартының болуы жұмыскердің жалақыны уақтылы алуына, әлеуметтік төлемдерге, зейнетақымен қамтылуына, сондай-ақ еңбек даулары туындаған жағдайда құқықтық қорғалуына кепілдік береді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары ЕШЕБЖ деректерін еңбек шарттарының бар-жоғын талдау, рәсімделмеген және жасырын жұмыспен қамту тәуекелдерін төмендету, міндетті зейнетақы жарналары мен өзге де әлеуметтік төлемдердің аударылуын бақылау үшін пайдаланады. Осылайша, қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мемлекеттік инспекторлар жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бойынша жедел шаралар қабылдай алады.

2025 жылдан бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің нормаларына сәйкес ЕШЕБЖ-ға жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді енгізбеген немесе оларды уақтылы енгізбеген жұмыс берушілерге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қолданылатын болады.

Дата публикации
30 января 2026
Дата обновления
30 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
23 июля 2026
Дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін Call-орталықтар арқылы тексеруге болады
Ақпарат
17 июля 2026
Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы