Меню

Страницы

Статья

МӘМС жүйесінде мәртебені бір жылға қалай алуға болады?

Егер сіз ресми түрде жұмыс істемесеңіз және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, мәртебені бір жылға қалай ала аласыз?

Бұрын жүйеде «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 айға жарналар толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін.

Ал қазір МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге (05.09.2022 ж.) сәйкес, өткен жылдың қарызын өтемей-ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады.

📌 Ол үшін келесі 12 айға жарналарды алдын ала төлеу қажет. Есіңізде болсын: әр ай үшін 4250 теңгеден (2026 жылы осы көлемде қалады) жеке-жеке төленуі тиіс. Яғни жарнаны бір жолғы сома ретінде төлеу қате болып саналады, сондықтан мәртебе берілмейді.

Сақтандыру мәртебесі сізге дәл осы айда қажет болса, жылдық кезеңді осы айдан бастаңыз.

🏦 Жарналарды банк кассалары, мобильді қосымшалар, төлем терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады.

Дата публикации
27 января 2026
Дата обновления
27 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
23 июля 2026
Дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін Call-орталықтар арқылы тексеруге болады
Ақпарат
17 июля 2026
Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы