Биыл бұл қызмет айтарлықтай жаңартылып, талапкерлер үшін әлдеқайда ыңғайлы болды. Өтініш беру жүйесіне жаңа функциялар мен сүзгілер қосылып, оқу орнын жылдам таңдауға, қателіктерді болдырмауға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
💡 Енді өтініш беру кезінде талапкер жатақхана немесе тегін тамақтану қажеттілігін бірден көрсете алады. Әскери қызметті шақыру бойынша толық өтеген азаматтар санатына жататындар растайтын құжатты тіркей алады.
📌 Бір талапкер 4 түрлі колледжге 4 мамандықты таңдау мүмкіндігімен тек бір ғана өтініш бере алады.
📅 Қызмет көрсету мерзімі – 3-5 жұмыс күніне дейін. Құжаттарды қабылдау кезең-кезеңімен жүргізіледі және оқу түрі мен білім беру бағдарламасына байланысты.