Назар аударыңыздар!
Шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі!
Бүгін, 2025 жылдың 30 мамырында, Семей – Курчатов облыстық маңызы бар тасжолының 0-ден 25 шақырымына дейінгі (Чекоман ауылына дейін) аралығында жолдың екі жағынан шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, барлық ауыл шаруашылығы және үй жануарларының иелерінен көрсетілген тасжол бөлігінің маңына жануарларын күні бойы жаюға шығармауды сұраймыз.
Ақпаратқа түсіністікпен қарап, жануарларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдануыңызды сұраймыз.
Ертіс ауылдық округінің әкімдігі