Ертіс ауылдық округінде су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде
Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының “Абай су қоймалары” мекемесінің қызметкерлері су тасқынының алдын алу шаралары аясында Абай облысының Мұқыр ауылындағы қорғаныс бөгетін нығайту үшін инертті материалдармен үйінді көтеру жұмыстары жүргізуде.
Бөгетті нығайту және оны су тасқыны жағдайларында тұрақтылығын арттыру үшін инертті материалдарды қолдана отырып үйінді көтеру – су тасқынын болдырмау шараларының маңызды бөлігі болып табылады.