2024 жылы жұмысынан айырылғаны үшін 293 мыңнан астам адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСК) төлем алды. Жұмысынан босатылған қызметкерлер жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді жұмыс өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін алады. Төлем МӘСК қаражатынан жоғалған табыстың 45%-на дейін жүзеге асырылады.
Төлем тағайындалуы үшін жұмысынан босатылған қызметкерге қажет:
- eGov.kz порталында авторизациядан өту;
- «Еңбек және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдау;
- Барлық өрістерді толтырып, өтінішті онлайн сұрау жасап, ЭЦП арқылы жіберу;
- Бір күн ішінде Карьера орталығы (КО) тұрғылықты жер бойынша вакансиялар ұсынатын болады;
- Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз статусын беру жүзеге асырылады (қосымша ақпарат алу үшін КО қызметкері байланысқа шығады).
Бұл қызметті онлайн режимде еңбек биржасы арқылы (enbek.kz) да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәлімет болған жағдайда, ақпараттық жүйе МТСЗН мобильді телефонға әлеуметтік төлемдерді тағайындау қызметін келісуге арналған SMS хабарлама жібереді. Егер келіскен жағдайда, хабарламаға жауап беріңіз. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдер МӘСК қаражаты есебінен жұмысынан босатылған адамның жұмысты іздеу кезеңінде қолдау көрсету мақсатында тағайындалады, жұмыстан босату себептеріне қарамастан беріледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша.