📊«Ашық бюджеттер» порталында енді бюджеттің функционалдық, ведомстволық және экономикалық шығыстар классификациясы боиынша есептерге инфографика қолжетімді.
Жаңа функционал келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- Қолаилы фильтрация: есептердегі қажетті деректерді оңаи табасыз;
- Көрнекі визуализация: барлық деректер түсінікті және көрнекі түрде ұсынылған;
- Жылдам қолжетімділік: енді барлық маңызды көрсеткіштер бір жерде көрсетіледі.
💡 Бюджеттік деректерді талдау енді әлдеқаида жеңіл және түсінікті болды. Уақытты ұзақ кестелерді зерттеуге жұмсамаи, жаңа функционалды паидаланып, қажет ақпаратты жылдам алуға болады.
🌐 Жаңа функционалмен www.budget.egov.kz порталындағы «Бюджеттің орындалуы» бөлімінде «Бюджеттің орындалуы туралы есептер» бөлімінде танысуға болады.