Абай облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында ауылдық жерлерде 62 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету нысандарының құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың балансына беру процесі жүргізілуде. Биыл тағы екі нысан аяқталады.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауданы Үржар ауылында күндізгі стационармен 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу жобасы іске асырылуда.
2025 жылы әлеуметтік қолдау шаралары қолданылатын аса тапшы мамандықтардың тізбесін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Кадрларды даярлауға да ерекше көңіл бөлінуде. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстан 80 маман 2024 жылы шетелде оқудан өтті. Олардың ішінде Ресей, Германия және Әзірбайжанның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өткен аудан орталықтарынан 15 медицина қызметкері бар. Бұл бағдарлама біліктілікті арттыруға және ауыл медицинасының жұмысына заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін облыста 173 елді мекенді қамтитын 9 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. 2024 жылы 64 435 тұрғын медициналық көмек алды.
Ауылдық жерлерде медициналық көмекті дамытудың негізгі бағыттарының бірі – материалдық-техникалық базаны жаңарту. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 200 медициналық техника сатып алынды. 2025 жылға 1,2 млрд теңгеге тағы 182 бірлік техника сатып алу жоспарлануда.