Меню

Страницы

Статья

Абай облысындағы колледждерде жұмысшы мамандықтар танымалдылыққа ие болуда

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай Абай облысында 300-ге жуық іс-шараны қамтитын аймақтық жоспар бекітілді. Ол биылғы жылды еңбек пен кәсіп мерекесі ретінде белгілеп, облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтымақ. Абай облысында барлығы 33 колледж бар, онда 21 мыңнан астам студент білім алуда. 2024-2025 жаңа оқу жылында оқуға қабылданғандар саны 5 900 адамды құраса, олардың 2 000-ы жұмысшы мамандықты таңдаған. Бүгінде облыстағы 21 колледжде 5 444 студент жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда.

Оқытудың танымал бағыттарына мыналар жатады: электр және газ дәнекерлеушілері, электрші, сантехниктер, құрылысшылар, аспаздар, тігіншілер, шаштараздар, сонымен қатар цифрлық технологиялар саласындағы мамандар. Бұл мамандықтарға қызығушылық жыл сайын артып, жұмысшыларға деген сұраныстың растайды.

Облыстағы 31 колледжде студенттерге кәсіпорындарда теорияны практикамен ұштастыруға мүмкіндік беретін дуалды оқыту жүйесі енгізілген. Осы жүйе аясында 70 мамандықта 3 060 студент білім алуда. Сондай-ақ 20 колледж 22 кәсіпорынмен меморандумға отырды, соның арқасында 4 200 студент жұмыс берушілердің демеушілігімен оқуға мүмкіндік алды.

Биылдың өзінде облыстағы колледждерде слесарлар, токарьлар, электршілер мен мерчендайзерлерді қоса алғанда, жаңа мамандықтар ашу жоспарлануда.

Бүгінде жоғары сынып оқушыларына арналған білім беру бағдарламалары пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары бір мезгілде колледж дипломын ала алады. Өткен оқу жылында жобаға екі оқу орны қосылды: Жоғары геодезия, картография және құрылыс колледжі мен Бизнес және сервис колледжі. 2024-2025 жылдары Көлік колледжі мен Бесқарағай колледжінде эксперименттік топтар ашылды.

Сонымен қатар, Абай облысындағы колледж студенттері WorldSkills чемпионаттарында дәстүрлі түрде жетекші орындарды иеленеді. Облыс құрамасы екі жыл қатарынан ел біріншілігінде үздік болып келеді.

 

Дата публикации
13 января 2025
Дата обновления
02 июня 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
23 июля 2026
Дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін Call-орталықтар арқылы тексеруге болады
Ақпарат
17 июля 2026
Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы