Түрксіб мектебінде волейболдан жарыс өтті
Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” мен Ертіс ауылдық округі әкімшілігі бірлесе отырып, ауыл азаматтары, мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жарыс өте тартысты және қызықты өтті. Әр команда жеңіске деген жігерін көрсетіп, үздік ойындар ұсынды.
Жарыс нәтижесі:
1 орын – 2-сынып оқушыларының ата-аналары командасы;
2 орын – 9-сынып оқушыларының ата-аналары командасы;
3 орын – 4-сынып оқушыларының ата-аналары командасы.