Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған "TortTulik" мобильді қосымшасы әзірленді

КР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС-мен бірге ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналган «Төрт түлік» мобильді қосымшасын әзірледі, бұл қосымша ауыл шаруашылығы жануарларының әрбір иесіне келесідей мүмкіндіктерді береді: ✓ ауыл шаруашылығы жануары иесінің ЖСН/БСН бойынша, құпия сөзді колдана отырып немесе Мобильді азаматтар базасы арқылы растау смс-кодын пайдалану аркылы авторизациядан өту;

 

кажет болған жағдайда жануарлар туралы барлық мәліметтерді көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарын алдын ала тіркеуді жүргізу;

 

И сатып алу-сату рәсімін онлайн түрде жүзеге асыру;

 

✓ а/ш жануарды жеке тұтыну үшін союға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесінен тіркеуден шығару;

✓ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) жоғалған немесе зақымданған жағдайда ауыстыруды жүзеге асыру

 

✓ ветеринариялық паспорт беру және жануарлар мен жануарлардың иелері туралы мәліметтерді АШЖБ-да түзету бойынша мемлекеттік қызметтерді алу.

 

Сонымен катар, мобильді қосымшада а/ш жануарларының иесі үшін оның ЖСН/ БСН-де тіркелген жануарлардың тізімі қолжетімді, бұл АШЖБ АЖ-де дәйексіз деректер болған жағдайда, а/ш жануарлары иелері тарапынан қоғамдык бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, профильді орнату және хабарлама алу үшін интерфейс қолжетімді.

 

- Мобильді қосымшаның екі модулі бар. Атап айтқанда:

 

  • "Вет.маркет"- бұл әр түрлі ветеринариялық қызметтерді алуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын жалға алуға, жұптастыруға немесе тасымалдауға және т.б. мүмкіндік береді.
  • Ауыл шаруашылығы жануарларының етін сатуға және сатып алуга мүмкіндік беретін «Соғым» модулі әзірленуде. Бүгінгі күнде, әзірленген мобильді Қосымшаны 2.5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарларының иелері пайдалануда.
Дата публикации
01 марта 2024
Дата обновления
02 июня 2025
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

23 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
23 июля 2026
Дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін Call-орталықтар арқылы тексеруге болады
Ақпарат
17 июля 2026
Жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді беру қызметі толықтай онлайн форматқа көшеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы