Ертіс ауылдық округінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 2025 ж атқарылған жұмыстар:

Ертіс ауылдық округінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 2025 ж атқарылған жұмыстар:

  1. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жаңа тұрғын үйлердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді.
  2. Ертіс ауылдық округіндегі Прииртышское және Мұқыр ауылдарында көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілді. Жаңа шамдар оқушылар мектепке баратын негізгі көшелерге орнатылады.
  3. Ертіс ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі қағидаларын іске асыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілді. Ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар бірлесіп, аумақты қоқыстан тазартып, айналасын ретке келтірді. Мұқыр ауылына кіре беріс тас жолының бойы ауылдың белсенді жастарының көмегімен күл қоқыстан тазартылды.
  4. Мал қорымдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, санитарлық нормаларды сақтауға бағытталған Мұқыр ауылындағы мал қорымының аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстары да қамтылды.
  5. Ертіс ауылдық округіне қарасты Прииртышское және Мұқыр ауылдары аумақтарында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар (ТҚҚ) жиналатын орындарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Мұқыр ауылында арнайы техниканың көмегімен жиналған барлық қоқыс топтастырылды.
  6. Прииртышское ауылында заңсыз пайда болған қоқыс алаңы қалдықтардан тазартылып, ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
  7. Жаңасемей ауданы әкімдігінің қолдауымен және "Семей Жолдары" ЖШС (асфальтбетон зауыты) компаниясының демеушілік көмегімен Мұқыр ауылында жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында  Школьная көшесінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары атқарылды.
  8. Мұқыр ауылында тұрғындардың жол жайлылығын арттыру мақсатында Центральная, Атамұра, Школьная, Алаш  көшелеріне тас, құм және қиыршық тастар төселіп, грейдеровка (тегістеу) жұмыстары толық атқарылды.
Ертіс ауылдық округінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 2025 ж атқарылған жұмыстар:
Дата публикации
11 декабря 2025