Спорт
Ертіс ауылдық округіндегі спорт инфрақұрылымының жағдайы туралы мәлімет:
Ертіс ауылдық округінің халқы 2485 адамды құрайды. Жалпы орта білім беретін мектептердегі екі спорт залы жұмыс істейді.
Округ мектептерінде 4 спорт секциясы (бокс, каратэ, волейбол, баскетбол) жұмыс істейді, онда 6-17 жас аралығындағы 70 оқушы қамтылған. Волейбол секциясында 20 бала, бокста — 12, каратэде — 20, баскетболда 18 бала шұғылданады. Әр секцияға бір жаттықтырушы жетекшілік етеді.
Мұқыр ауылында 1138 адам тұрады, оның 190-ы жастар санатына жатады. Прииртышское ауылының халқы 904 адамды құрайды, оның ішінде 157-сі жастар. Бұл елді мекендерден 60-тан астам жас Семей қаласындағы спорт секцияларына барады.
Мұкыр және Прииртышское ауылдарында әмбебап спорт алаңдары орнатылған, олар ашық ауада белсенді спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Қыста жастар мектептердің спорт залдарында түрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар өткізіп, белсенді түрде спортпен айналысады.