Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

2025 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

           Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

Халықтың жалпы саны – 2024 жылы 2479 адам болса, 2025 жылы 2485, яғни 6 адамға көбейді.

Ертіс ауылдық округі аумағында 2485 адам тұрады, оның ішінде 2340 – қазақ, 99 - орыс, 46 - өзге ұлт бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Ауылдық округте  жұмысқа жарамды - 1059 адам бар. Тұрғындардың 343 – зейнеткер, 0-35 жасқа дейінгі  – 995 жастар және 123 - өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

  1. Әлеуметтік аз қамтылған 2 отбасына АӘК тағайындалды.
  2. Жастарды жұмыспен қамту бойынша «Жасыл ел» және «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламаласына қатысуы ұйымдастырылды.
  3. Енбек.кз порталына жұмыссыздыққа 10 адам тіркеліп, 7 адам қоғамдық жұмысқа орналастырылды.
  4. Несие бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтармен «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.
  5. Жаңа оқу қарсаңында аз қамтылған жәе көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға «Мектепке бара жол» акциясы аясында көмек көрсетілді.
Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту
Дата публикации
11 декабря 2025