Мұқыр ауылында дәрігерлік амбулатория, Прииртышское ауылында ФАП жұмыс істейді.
Сезондық тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. МӘМС аясында скринингтік тексерулер тұрақты жүргізілуде.
Ертіс ауылдық округінде тұратын азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындарды анықтау және оларды жүйеге тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Сақтандырылмаған азаматтарға МӘМС жүйесінің маңызы, оның беретін мүмкіндіктері (тегін медициналық көмектің кеңейтілген пакеті) және сақтандыру жарналарын төлеу тәртібі туралы кеңінен түсінік беру.
Қажет болған жағдайда, оларды мемлекет есебінен сақтандыру немесе жарна төлеу тетіктерін реттеуге көмек көрсетілуде.