Ертіс ауылдық округінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Өткізілген іс-шара барысында ауыл тұрғындарына өрттің алдын алу ережелері, тұрмыстағы қауіпсіздік шаралары туралы жан-жақты мәлімет беріледі.
Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтардың үйлеріне тегін өртке қарсы датчиктар (түтін анықтағыштар) орнатылды.
Бұл шара аталған санаттағы азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, өртті ерте кезеңде анықтауға және ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Ауылдық округ әкімдігі барлық тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.