Білім беру

Ауылдық округтің білім беру саласы бойынша 2 мектеп орналасқан.

         Түрксіб атындағы ЖОББМ - жалпы қамту 169 оқушы, шағын орталықтың қамтуы- 36 бала. Мектепалды даярлық сыныбындағы балалар саны -17. Мектеп кең жолақты интернетке қосылған.

         Б. Исаділов атындағы ЖОББМ- жалпы қамту 132 оқушы, шағын орталықтың қамтуы -18 бала. Мектепалды даярлық сыныбындағы балалар саны -12. Мектеп  интернетке қосылған.

         Түрксіб және Прииртышское орта мектептерінде 56 мұғалім қызмет етеді. Педагог кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Орта мектептерде шағын – орталықтар жұмыс атқаруда. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында мектеп асханасы жүйелі түрде жұмыс істеп тұр, бастауыш 1—4 сынып оқушылары ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілуде.

         Мектептің спорт, акт залдары қалыпты жағдайда. Таза ауыз суы мектеп ішіне кіргізілген.

         Мектеп оқушылары республикалық, аудандық олимпиадаларға қатысып, жоғары нәтиже көрсетуде.

         Мұкыр және Прииртышское ауылдарында әмбебап спорт алаңдары орнатылған, олар ашық ауада белсенді спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Қыста жастар мектептердің спорт залдарында түрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар өткізіп, белсенді түрде спортпен айналысады.

Білім беру
Дата публикации
10 декабря 2025