Көбінесе судағы жазатайым оқиғалар адамның өз кінәсінен өзіне шамадан тыс сенімділік, өз күштері мен мүмкіндіктерін асыра бағалау, судағы қарапайым мінез-құлық ережелерін елемеу нәтижесінде орын алады.
Ең алдымен, тыйым салынады:
- алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде суға түсуге және шомылуға;
- қайықтардан, моторлы қайықтардан, пирстерден, сондай-ақ осы мақсаттарға жарамсыз құрылыстардан суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;
- жүзу шекарасын белгілейтін қалқымалардан тыс жүзуге;
- жүзуге арналмаған заттарда жүзу;
- техникалық және ескерту белгілеріне, қалқымаларға көтерілу;
- балалар ересектердің қарауынсыз суға түспеуі керек.
Әрбір адам шомылатын су айдынының қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, шөгілген бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін. Қайықтарға, кемелерге және моторлы қайықтарға жақын жүзу өте қауіпті, өйткені жақын жерде жүзіп жүрген адамды қалқымалы кеменің астына алып кету жағдайлары болған.