Азаматтық бюджет

Сіздердің назарларыңызға «Абай облысы Жаңасемей ауданы Шаған кенті  әкімінің аппараты» ММ-нің 2025-2027 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті  ұсынылған, онда Шаған кенті бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.

Шаған кентінің  2025-2027 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған міндеттерге, Шаған кентінің  2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, кірістерді болжау әдістемесіне сәйкес қалыптастырылды.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – бұл Қазақстан Республикасында зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салықтарды және басқа да төлемдерді есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіш (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында жыл сайын белгіленеді).

Ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.

Ең төменгі жалақы – біліктілігі жоқ қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (Еңбек міндеттерін) орындаған кезде оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері

"2025-2027 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) – 3 932 теңге
  2. Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) – 85 000 теңге
  3. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 32 360 теңге
  4. Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 62 771 теңге
  5. Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46 228 теңге
Дата публикации
07 июня 2025