Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлының тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулері Алғабас ауылдық округінен басталды.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар ауылдық округтің өзекті мәселелері талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге жауаптар беріліп, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.
Еске сала кетейік, жасына байланысты зейнетақыны жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар ала алады: ерлер – 63 жасқа, әйелдер – 2026 жылы 61 жасқа толғанда.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты тағайындату үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) уақытылы жүгінуі қажет. Алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын ХҚКО-ға өтінішпен бірге қажетті құжаттарды тапсыра алады. Осы мерзімді қатаң сақтауға кеңес береміз, өйткені бұл мемлекеттік зейнетақыны алу үшін аса маңызды. Оны тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілін тексеру талап етіледі.
Зейнетақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш зейнеткерлік жасқа толғанға дейін берілген жағдайда, өтініш берген күн зейнеткерлік жасқа толған күн болып есептеледі. Ал зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін жүгінген жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтініштің тіркелген күні өтініш берген күн болып есептеледі.
Сонымен қатар, телефон нөмірлері eGov мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлерге 1414 нөмірінен зейнеткерлік жасқа толуына 2 ай қалғанда SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада зейнетақы төлемдерін уақытылы тағайындату үшін жақын жердегі Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуге болатыны туралы ескертіліп, egov.kz сайтындағы қажетті құжаттар тізбесінің сілтемесі көрсетіледі. Яғни зейнетақы төлемдерінің белгіленген мерзімде рәсімделуі үшін мемлекеттік органдар тиісті хабарламалар жібереді, өйткені өткізіп алған кезең үшін төлемдер тағайындалмайды.
Сонымен бірге, зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша төлем алу үшін жүгінбеген азаматтарға қатысты Қор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, осы азаматтарға жыл сайын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалған-тағайындалмағанын тексеру мақсатында салыстырып тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша БЖЗҚ төлемдерді проактивті форматта, яғни өтінішсіз жүзеге асырады.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап дәл осындай өтінішсіз тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қатысты да енгізілді. Бұл тәртіп зейнеткерлік жасқа толған, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және бұған дейін 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты төлем алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға қолданылады.
ЕЗЖ есебінен (болған жағдайда) зейнетақы төлемдерін өтінішсіз тағайындау тәртібі:
Мүгедектігі бар адамдар үшін БЖЗҚ-да көшпелі қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала ақыл-кеңес беріліп, қызметтерді қашықтан алу мүмкіндігі тексеріледі.
enpf.kz сайтында зейнетақы төлемдерінің түріне, құжаттарды ұсыну тәсіліне қарай қажетті құжаттар тізбесі, құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар, өтініш бланкілері және оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ сенімхат үлгісі орналастырылған. «Электрондық сервистер» бөлімінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
«Абай облысы Жаңасемей ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 15 шілдедегі «Жаңарған Жаңасемей» газетінің №27 (38) санында жарияланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жалдау құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындысын хабарлайды.
|
ЛОТ № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы |
Жалпы алаңы,га |
Жалға беру мерзімі, жыл |
Нақты орналасқан жері |
Жеңімпаз |
|
1 |
Жайылымдық |
1202,4326 |
10 |
Қаракөл ауылынан оңтүстікке қарай 38 км жерде |
Огузбаева Гаухар Серикказиновна |
|
2 |
Жайылымдық |
1500 |
10 |
Бөрлі ауылынан солтүстікке қарай 4,5 км жерде |
Әбілқасым Мұратхан Серікханұлы |
|
4 |
Жайылымдық |
754 |
10 |
Қайнар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 22,7 км жерде |
Берикжанов Советхан Мейрханович |
|
5 |
Жайылымдық |
890 |
10 |
Қайнар ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23,3 км жерде |
Жангозина Гулнагима |
|
6 |
Жайылымдық |
1326,3991 |
10 |
Қараөлең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 59,5 км жерде |
Ахметов Рымгали |
|
7
|
Жайылымдық |
1007,3649 |
110 |
Қараөлең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 52,8 км жерде |
Тусупбеков Айдар Саттарович |
|
8 |
Жайылымдық |
1118 |
10 |
Қараөлең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47,6 км жерде |
Шыныбаев Нурлан Жумагалиевич |
|
9 |
Жайылымдық |
1427 |
10 |
Қараөлең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 56,9 км жерде |
Андакаев Мухтар Урыкович |
|
10 |
Жайылымдық |
975 |
10 |
Қараөлең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 54,9 км жерде |
Саттаров Ернур Айдарович |
|
11 |
Жайылымдық |
998.2535 |
10 |
Қаракөл ауылынан оңтүстікке қарай 38 км жерде |
Саттаров Ернур Айдарович |
Жаңасемей ауданының жер қатынастары бөлімі басшысы Букабаев К.О.
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан-қала әкімдері бейне режим арқылы қатысты.
Отырыста Абай облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың нәтижелері, жергілікті атқарушы органдардың 2026 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарының жүзеге асырылуына жүргізілген талдау қорытындылары, сондай-ақ Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Сәкенов пен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Теміржанов баяндады.
Облыс әкімі жиында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылау тетіктерін күшейту және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиында Семей қаласында тәулігіне 250 тонна жемдік ұн өндіретін бидай мен арпаны қайта өңдеу зауытын, қосалқы көлік қызметі нысандары бар қойма кешенін, жүктерді қоймалау және сақтауға арналған қойма үй-жайларын, сауықтыру-санитарлық кешенін, шағын өнеркәсіптік паркі бар көлік-логистикалық орталықты, бес жұлдызды қонақ үй-мейрамхана кешенін және күндізгі стационары бар заманауи көпсалалы емхана салу жобалары қаралды.
Сондай-ақ «Семей – Павлодар» автомобиль жолының бойында жол бойы сервисі кешенін және кемпинг, Восточный кентінде жол бойындағы сервисі бар кемпинг, Семей қаласында заманауи сауықтыру кешенін салу жобалары таныстырылды.
Жаңасемей ауданында ірі қара мал өсіруге арналған мал шаруашылығы кешенін ұйымдастыру, тамшылатып суару әдісімен жүгері және кондитерлік күнбағыс өсіру, көкөніс, майлы және бұршақ дақылдарын өсіруге арналған айналмалы типтегі жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жүйелерін сатып алу жобалары ұсынылды. Бұдан бөлек, Бесқарағай ауданында ағаштар мен көпжылдық дақылдарды өсіруге арналған тәлімбақ салу жобасы қаралды.
Кеңес қорытындысында жалпы сомасы 20,6 млрд теңгені құрайтын, 600-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 14 инвестициялық жоба мақұлданды.
Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде инвесторларды сүйемелдеу, туындайтын мәселелерді жедел шешу және қабылданған міндеттемелердің уақытында орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
«Бүгін қаралған инвестициялық жобалардың әрқайсысы өңір экономикасының орнықты дамуы үшін ерекше маңызға ие. Инвесторларды сапалы сүйемелдеу, туындайтын мәселелерді жедел шешу және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету – қала және аудан әкімдерінің тікелей функционалдық міндеті. Инвесторлардың барлық өтініштері уақытылы қаралып, әкімшілік кедергілерге жол берілмеуі тиіс. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қажетті қолдау шараларының толық көрсетілуін қамтамасыз етуі қажет. Өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданған барлық инвестициялық жобалар ерекше бақылауға алынып, қабылданған шешімдердің толық әрі уақтылы орындалуы қамтамасыз етілсін», – деді Берік Уәли.
Облысқа инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда жалпы құны 34,6 млрд теңге болатын 14 жоба іске қосылып, 598 жаңа жұмыс орны құрылды.
Өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың қатарында құны 577,5 млрд теңгені құрайтын «Аягөз–Бақты» теміржол желісінің құрылысы, «Miryildiz KZ Ltd.» компаниясының 255 млрд теңгелік алтын өндіру фабрикасы, құны 560,5 млрд теңге болатын «Айдарлы» тау-кен байыту комбинаты, сондай-ақ Мақаншы ауданындағы «АА Агро Семей» ЖШС-нің 48,5 млрд теңгелік AI-агроэкожүйесін құру жобасы бар. Бұдан бөлек, «Eurasia AgroSemey» ЖШС жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрайтын ет өңдеу кешенінің құрылысын жоспарлап отыр. Жоба аясында 250 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жобаларды іске асыру өңірдің өндірістік және агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жаңа кәсіпорындар ашуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Кеңесте Шүлбі кентінің қысқы жылыту маусымына дайындығы, 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және кент әкімінің атқарған жұмыстары қаралды.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі, еңбек қауіпсіздігі, күзгі жиын-терім жұмыстары және «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі сыни ақпараттар мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы қаралды.
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында Абай облысындағы күзгі жиын-терім жұмыстарының барысы және өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ниетқабылов және Абай облысы бойынша «Мемлекеттік аннуитеттік компания» акционерлік қоғамы филиалының директоры Асқар Базылов баяндады.
Биыл облыс бойынша жиналатын егіс алқабы 790,9 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 368,7 мың гектар – майлы дақылдар, 275,6 мың гектар – дәнді дақылдар, 5,5 мың гектар – картоп, 5,5 мың гектар – көкөніс және бақша дақылдары, 135,6 мың гектар – жем-шөп дақылдары.
Мемлекет басшысының егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес бидай алқабы 22,5 мың гектарға қысқарып, майлы дақылдар көлемі 29,3 мың гектарға ұлғайды.
3 қыркүйектегі жедел дерек бойынша облыста 129,7 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл дәнді дақылдар алқабының 47,1 пайызын құрайды. 136,4 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 10,5 центнер болды. Сондай-ақ 1,4 мың гектардан 29,8 мың тонна картоп, 2,3 мың гектардан 59,3 мың тонна көкөніс және бақша дақылдары жиналды.
Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары да жалғасуда. 3 қыркүйектегі жағдай бойынша 888,7 мың тонна шөп, 16,5 мың тонна пішендеме, 13,1 мың тонна сүрлем, 32,1 мың тонна сабан және 35,8 мың тонна шоғырланған жем дайындалды.
Жиналған өнімді сақтау үшін облыста жалпы сыйымдылығы 173 мың тонна болатын 3 лицензияланған элеватор және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 870,9 мың тонна өнім сақтайтын астық қоймалары бар. Қолда бар сақтау қуаттары болжамды өнім көлемін қабылдауға жеткілікті.
Биыл дәнді дақылдардың жалпы түсімі 289,4 мың тонна, майлы дақылдар өнімі 530,9 мың тонна болады деп болжануда. Күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 21 мың тонна дизель отыны бөлінді. Егін жинауға 4 мың трактор, 2,4 мың комбайн және 700 орақ, барлығы 7 мың техника тартылған. Биыл аграршылар 361 заманауи техника сатып алып, техника паркін жаңарту деңгейі 4,1 пайызға жетті.
Облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасына, аудан және қала әкімдеріне арзандатылған дизель отынын шаруашылықтарға уақтылы жеткізуді тұрақты бақылауда ұстап, егін жинау жұмыстарын агротехникалық мерзімде аяқтауды тапсырды.
«Жалпы, егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жүргізілуде. Дегенмен, бүгінгі талқылаудан көріп отырғанымыздай, бірқатар бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет. Бірінші кезекте, егін жинау қарқыны төмен аудандарға ерекше назар аудару керек. Әрбір аудан бойынша нақты жағдай сараланып, егінді жинаудың белгіленген агротехникалық мерзімдерден кешігуіне жол берілмеуі тиіс. Екіншіден, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі толық бақылауда болуы қажет. Дизель отынының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне уақытылы жеткізілуі егін жинау жұмыстарының үздіксіздігіне тікелей әсер етеді. Үшіншіден, техника мен еңбек ресурстарының жеткіліктілігін алдын ала қамтамасыз ету қажет. Қажет болған жағдайда техникасы жеткілікті аудандар мен шаруашылықтардан тиісті қайта бөлу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Төртіншіден, жиналған өнімді сақтау және өткізу мәселелері алдын ала шешілуі тиіс. Егінді жинап алғаннан кейін оны сақтайтын орын немесе өткізу мәселесі туындамауы керек. Жалпы, биылғы егін жинау науқанын сапалы әрі уақтылы аяқтау – ауыл шаруашылығы саласының ғана емес, облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты», – деді Берік Уәли.Абай облысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері 22 кәсіпорында кәсіптік тәуекелдер бағаланып, еңбек жағдайларына аттестаттау жүргізілді. Кәсіпорындарда түсіндіру және профилактикалық шаралар тұрақты ұйымдастырылуда.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағында сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бүгін Жаңасемей ауданының активіне аудан прокуроры болып тағайындалған Альсеитов Дәурен Бейсембекұлы таныстырылды.
Жиын барысында жаңа аудан прокурорына жауапты қызметіне сәттілік тілеп, аудан көлеміндегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
«Абай облысы Жаңасемей ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 8 қыркүйекке белгіленген және 2026 жылғы 15 шілдедегі «Жаңарған Жаңасемей» газетінің №27 (38) санында жарияланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсынан келесі лоттың алынатынын хабарлайды:
Конкурстан алыну себебі:
№3 лот сәйкестендіру құжатын дайындау қажеттілігіне байланысты және аталған жер учаскесі бұрын жергілікті атқарушы орган өткізген басқа конкурс нәтижесі бойынша жеңімпазға берілгеніне байланысты конкурстан алынады.