8 сәуірден бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты - табиғаттың ластануына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға халықтың назарын аудару.
Құрметті жітіқаралдар! Кез-келген адам осы проблеманы өзінен бастап шешуге қадам жасай алады. Сондықтан біз барлығын акцияға қатысуға шақырамыз.
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Алғабас ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді.Сәуір ,мамыр ,кыркүйек,қазан айларында апта сайын сенбі күндері сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Ауыл халқы 100 пайыз қатысты. Апта сайын ауылдың сыртын 3 шақырымға дейін тазалық жұмыстары жүргізілді. Қатты қалдықтар төгетін полигон аймағын тазаладық.Ауылдың іші мен мекемелердің маңайын күнделікті тазалақ жұмыстары жүргізіліп отырады.Тазалық жұмыстары күн тәртібінен түспейді.
Тазалық акциясына 300 жуық адам қатысты
2023 жыл - 80 түп терек 2024 жыл - 8 түп шырша. 50 түп қара ағаш 2025 жыл - 150 түп қара ағаш терек аралас. "Қамбар" ШҚ басшысы 200 түп ағаш отырғызуға арналған саябақ ашты. 2026 жылға 200 түп ағаш отырғызу жоспарлануда.