Жаңасемей ауданында барлығы 18 мектеп бар, оның 5-і толыққанды (Приречное, Озерки, Ибраев атындағы орта мектеп, Шақаманорта мектебі) болса, 13 шағын жинақталған мектеп (Исадилов мектебі, Түріксіб, Бөкенші, Знаменка, Бұлақ, Жарқын, Талица және Бегалин атындағы орта мектебі) бар.
Негізгі мектеп - 4 (Шаған, Талица, Абыралы және Ақбұлақ), қалған мектептер жалпы білім беретін мектептер. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны-13 (Исадилов атындағы мектеп, Түріксіб, Бөкенші, Шақаман, Знаменка, Бұлақ, Жарқын, Бегалин және Быхин атындағы мектептер, Абыралы, Ақбұлақ, Шүлбі мектеп-кешені және Шаған мектебі), орыс тілінде оқытатын мектеп – 1 (Шүлбі орта мектебі), аралас тілде оқытатын мектептер саны – 4 (Приречное мектебі, Озерки, Талица және Ибраев атындағы мектеп).
5 мектепте бейімделген ғимарат бар ( Бөкенші, Талица, Ақбұлақ, Шүлбі МК, Шаған), 13 мектепте типтік ғимарат (Исадилов ат.мектеп,Түріксіб, Знаменка, Бұлақ, Жарқын, Бегалин ат.мектеп, Быхин ат.мектеп, Абыралы, Шүлбі орта мектебі, Озерки мектебі, Ибраев ат.мектеп, Шақаман мектебі).
2025 жылы білім беру саласын дамытуға қаржыландыру көлемі 4,2 млрд. теңгені құрайды.
2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстары Турксіб ЖОББМ» КММ – не мектептін терезелерін ауыстыру бойынша 87229,035 млн/теңге бөлініп жопарлау жұмыстары жүргізілуде және «Приречное ЖОББМ» КММ - не электрлік жүйесін ауыстыруға 172841млн/теңге, автоматтық сигнализация жүйесін құру бойынша 107700 млн/теңге бөлініп жоспарлануда.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары: «Знаменка ЖОББМ»КММ –не жалпы құны, 60785,076 млн /теңге бөлініп жөндеу жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда кітапхананың терезе және есік блоктарын орнату ПВХ мен бөлуге 15321,414 млн/теңге. Шағын орталықтын еден мен қабырға, терезелермен есіктер,электр жүйесі, сантехникалық ауыстыру, кіру алаңын жөндеуге 14490,922 млн/теңге. Бірінші қабат ғимаратының бір бөлік қалқаларының еден мен қабырғаны жөндеу,терезе мен есіктер,электрлік жүйесі мен сантехникалық жұмыстарына 26802,508 млн/теңге. Ванна, дәретхана бөлмесін ағымдағы жөндеу және мектеп ғимаратын тұрғындардың мобильді топтарына бейімдеу жұмыстарына 2 249,741 млн/теңге. Кәріз жүйесін ағымдағы жөндеуге 1920,491 млн/теңге. «Шақаман ЖОББМ»КММ – не ағымдағы жөндеу бойынша қазандықты ауыстыру жұмыстарына 4552,194 млн/теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылға «Турксіб ЖОББМ» КММ және «Приречное ЖОББМ» КММ мектептері реновацияға еніп жоспарлау жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылға 3 кабинет сатып алуға қаражат бөлініп, оның ішінде биология-1, лингафон-мультимедиялық – 2.
Жаңасемей ауданы бойынша контингент 2764 баланы құрайды. Оның ішінде бастауыш сынып оқушылары 1-4 сынып аралығында 1007 бала болса, ал орта буын 5-8 сыныпта 1040 бала. Жоғарғы сынып оқушыларының үлесі 499 баланы құрайды. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық сыныбыда 218 бала тәрбиеленіп отыр.14 шағын жинақталған мектепте 1542 оқушы білім алуда.
Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде 433 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары санатты-1, бірінші санатты-1, екінші санатты - 4, санатсыз – 126, сондай-ақ жаңа форматтағы біліктілік санаты бар: педагог-шебер - 2, педагог-зерттеуші-67, педагог-сарапшы-100, педагог-модератор-132.
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылар мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығын орындау мақсатында Семей қаласына 2024 жылы бюджеттен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 89136 дана, 228 436 522 сома бөлінді.
2024-2025 оқу жылын оқулықтармен қамтамасыз ету:
1-сынып – 100%, 2-сынып – 100%, 3-сынып – 100%, 4-сынып – 100%, 5-сынып – 100%, 6-сынып – 100%, 7-сынып – 100%, 8-сынып – 100%, 9-сынып. – 100%, 10-сынып – 100%, 11-сынып – 100%. Орташа қаматамасыз ету -100% құрайды.
Жыл сайын оқулықтарға тапсырыс беру кезінде мектептер төрт жылғы оқушылар контингентін есепке алып, ең көп оқушысы бар сынып санын есепке алып отырды. Оқушылар қозғалысы болғандықтан, сыныптардың параллельдері бойынша оқушылар контингентінің жыл сайынғы өзгеруін ескеру керек (бір оқу жылында параллель үш сынып, ал келесіде - бес немесе екі болуы мүмкін). Оқулықтар жетіспейтін мектептерде қосымша жинақтары бар мектеп кітапханашыларымен бір оқу жылына акт жасап, бір бірімен алмасып оқулықтар береді.
2024-2025 оқу жылына қала мектептерінде қосымша оқулықтар жинақтары бар.
Мектеп кітапханаларында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын, тілін, ойлау қабілетін дамыту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында буккроссинг бұрыштары, оқушылар арасында «Буктрейлер» және Жерлес-жазушылардың шығармалары бойынша электронды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектептерде атаулы күндерге арналған «Абай Құнанбаевқа -180 жыл», «ҰОС басталғанына -80 жыл» көрмелер, викториналар, буктрейлерлер, челленджілер, флеш-мобтар және түрлі іс- шаралар өткізіліп жатыр.
«Қыста оқимыз», «Күзде оқимыз», «Жаздың кітаппен арбауы», «Кітап демалыстары», «Кітаппен бірге өткен жаз», «Пайдалы демалыс-сүйікті кітаптарды оқимыз» әдебиеттердің ұсыныстың, библиографиялық тізімдері ұсынылды.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне орай желтоқсан айында «Білімді ұрпақ-Тәуелсіз елдің тірегі» тақырыбында «Балалар өлеңдер оқиды», «Үздік аудио оқу», «Үздік бейне оқу» сырттай әдеби-интернет конкурсы өткізілді. Жүлделі орын алған оқушылар білім бөлімі басшысының грамоталармен марапатталды.
Ауданның білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру нысандарында бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 621 бейнебақылау камерасы орнатылды (сыртқы 375, ішкі 245).
Жедел басқару орталығына (ЖБО) 18 нысан шығарылды.
Дабыл түймесі 18 мектепте бар.
18 нысанда металл детекторлары бар.
Турникет 1 білім беру ұйымдарында бар. Дауыстық сөйлеу құлақтандыруы 18 білім беру мекемесінде бар.
Дабыл түймелерімен және жылы дәретханалармен қамтамасыз ету 100% құрайды.
Жаңасемей ауданы бойынша 18 жалпы білім беретін мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған, 100% құрайды 18 ауылдық мектепте, оның ішінде 4 мектепте буфеттік тамақтандыру-Ақбұлақ НОББМ.Абыралы НОББМ, Талица НОББМ, Шаған кентіндегі №24 НОББМ). Мектептерде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 884 бала бар, ыстық тамаққа бір балаға 660 теңгеден бөлінген, есебінен 100% тегін тамақпен қамтылған. 2024 жылға тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 205 млн 405 мың теңге бөлінді.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес білім беру ұйымдарында ақшалай өтемақы төленеді, 2024 жылы бұл сома бір балаға 46 228 құрады. Киімге 27 млн 405 мың теңге, жаздық лагерьге 8млн 880 мың теңге бөлініп отыр.
Оқушыларды тегін тасымалдауды Жаңасемей ауданында 11 жалпы білім беретін мектебі жүзеге асырады, шалғайдағы 20 елді мекеннен әкелінетін балалар саны – 168 оқушы. Тасымалдау 11 ауылдық мектептер жүзеге асырылады: Ибраев ЖОББМ , Шақаман ЖОББМ, Бөкенші ЖОББМ, Озерка ЖОББМ, Талица, Приреченый ЖОББМ, Исадилов ЖОББМ, Бегалин ЖОББМ, Бұлақ ЖОББМ, Быхин ЖОББМ, Ақбұлақ мектептерінде барлығы–168 оқушы. Балаларды тасымалдауды 11 автокөлік жүзеге асырады.
2024 – 2025 оқу жылының 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Жаңасемей ауданының білім бөлімінің білім сапасы 62%-ды құрады. Бұл көрсеткіш білім саласындағы мақсаттарға жету жолындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
2024 – 2025 оқу жылының 1 жартыжылдығында Жаңасемей ауданының білім беру саласында 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді. (Бұл қызметтердің 1-і қағаз нысанда, 2-і халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, ал 3-і электронды түрде жүзеге асырылды.) Әрбір көрсетілген қызметтің сапасы мен тиімділігіне тұрақты түрде мониторинг жасалынып, ақпаратқа ресми түрде қол жеткізу үнемі басты назарға алынып келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл, өз кезегінде, Жаңасемей ауданының білім бөлімінің қызметкерлерінің кәсібилігін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында жүргізіліп отырған реформалардың тиімділігін көрсетеді. Білім беру саласында тек білім беріп қана қоймай, халықтың құқықтарын қорғау мен олардың қолайлы қызмет алуы басты назарда.
Жаңасемей ауданының мектептерінде 7764 баламен қамтылған, 43 спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді. Спорттық секцияларда бала саны 1025. Оның ішнде футбол-237, волейбол-296, қазақша күрес-69, жеңіл атлетика-51, армрестлинг-20, баскетбол-207, кикбокс-24, каратэ-30, дзюдо-16, лыжи-8, теннис-10, бокс-13, мини футбол-44 бала айналысады. Спорттық үйірмелерде бала саны 119, шахматта-50, ұлттық ойындарда-51 Тоғызқұмалаққа-18 бала қатысады.
Жетім балалар мен балалардың республикалық дерекқорында 10 бала, оның ішінде жетім балалар -6, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -4. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға 10 АЕК (34500 тг) мөлшерінде жәрдемақы алады. Патронатты тәрбиешілер 35 АЕК (120750 тг) мөлшерінде жалақы және қамқорлыққа алынушыны ұстауға 10 АЕК (34500 тг) жәрдемақы алады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеден бала асырап алған азаматтар сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 258750 теңге (75 АЕК) сомасында біржолғы жәрдемақы алады.