ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі.
ЗҚАИ-ның ескертпелері!
Осы Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Мазмұны алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасы
Осы Кодекс Қазақстан Республикасының заңдарында реттелмеген бөлігінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді.
Егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізуді реттейтін өзге де заңдарының ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізуде артықшылық күші бар құқықтық нормаларды қолдану
Осы Кодекстің нормалары мен өзге де заңдардың арасында қайшылықтар болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде, мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың;
2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің;
3) Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының және соттары кеңселерінің;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің;
6) Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары аппараттарының;
7) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында;
3) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау түрлерін жүзеге асыру тәртібі бөлігінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі бөлігінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында;
5) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында;
6) Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі туралы, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзету іс-шараларын жүргізу жөніндегі заңнамасында;
7) нотариаттық әрекеттерді жасау бөлігінде Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасында;
8) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды.
Осы Кодексте белгіленген әкімшілік рәсімдердің тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттігіне және Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін органның қызметіне қолданылмайды.
1) қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жолданымдар;
2) іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;
2) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
3) ауыртпалық салатын әкімшілік акт – әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартатын, шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын акт;
4) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
5) әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) – әкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы, әкімшілік акт болып табылмайтын әрекеті (әрекетсіздігі);
6) әкімшілік қалау – әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі;
7) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
8) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;
9) әкімшілік талап қою (талап қою) – жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап;
10) әкімшілік іс – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру барысы мен нәтижелерін және (немесе) сотта жария-құқықтық даудың қаралуын тіркеп-бекітетін материалдар;
11) бәсекелес орта – квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, нарық субъектілері;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12) тармақшаның қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады - осы Кодекстің 175-бабының 2-1-бөлігін қараңыз.
12) бейнежолданым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын, әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберілген бейнеформаттағы жеке немесе ұжымдық арыз, шағым;
13) бейнеконференц-байланыс – өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио- және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі беріліп, интерактивтік өзара іс-қимыл жасауы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланылатын көрсетілетін байланыс қызметі;
14) берілген функциялардың мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру жөніндегі деректерді жүйелі және үздіксіз жинауға, өңдеуге, талдауға және бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
14-1) деректер – өңдеуге жарамды, формалданған түрдегі ақпарат;
14-2) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган – деректерді басқару бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15) жауапкер – сотта талап қою берілген әкімшілік орган немесе лауазымды адам;
15-1) жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган – жобалық басқару саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16) тармақшаның қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңінде осы Кодекстің 175-бабының 2-1-бөлігінде берілген редакция қолданыста болады.
16) жолданым – әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс, бейнежолданым нысанында жіберілген арыз немесе шағым;
17) жолданымды есепке алу – жолданымдарды қабылдау және қарау жөніндегі мәліметтерді тіркеп-бекіту және оларды мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрсету;
18) жолданымды қабылдау – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының жолданымын қабылдау жөніндегі әрекеті;
19) жолданымды қарау – әкімшілік органның, лауазымды адамның өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдауы;
20) жолданымды тіркеу – жолданымның мазмұны бойынша қысқаша деректерді есепке алынатын ақпараттық құжатта тіркеп-бекіту және әрбір келіп түскен жолданымға тіркеу нөмірін беру;
21) қолайлы әкімшілік акт – әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асыратын немесе оған жүктелген міндетті тоқтататын, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде жақсартатын акт;
22) қызметтік ақпарат – мемлекеттік функцияларды орындау кезінде жасалатын, өңделетін және берілетін, меншік иесі, иеленушісі немесе пайдаланушысы мемлекет болып табылатын ақпарат;
23) лауазымды адам – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген адам;
24) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік басқару органдарының қызметіне функционалдық талдау жүргізу және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
25) мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде:
жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық қағидаларын айқындайтын актілерді басып шығару;
әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және реттеу;
мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі функцияларды мемлекет атынан жүзеге асыратын мемлекеттік билік ұйымы;
26) мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімі – мемлекеттік органды ұйымдастыру, қызметтік құжаттарды қараудың, өткерудің ішкі тәртібі және олардың орындалуын ішкі бақылау мәселелеріне байланысты лауазымды адамның жеке-дара өкімдік қызметі немесе алқалы мемлекеттік органның қызметі, мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің және лауазымды адамдардың арасында ақпарат алмасуды, сондай-ақ мемлекеттік функциялардың бәсекелес ортаға берілуін жүзеге асыруды регламенттейтін рәсім;
27) оңтайландыру – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде функцияларды бәсекелес ортаға беруге байланысты штат санын қысқартуға, шығыстарын қысқартуға және (немесе) қайта бөлуге бағытталған шаралар кешені;
28) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар – осы Кодексте белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;
29) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар (бұдан әрі – пайдаланушылар) – жеке және заңды тұлғалар;
30) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын толық беру – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау және оларды жүзеге асыруды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу арқылы немесе пайдаланушылардың есебінен бәсекелес ортаға беру;
31) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингі (бұдан әрі – аутсорсинг) – орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыру үшін шарттар жасасу арқылы бәсекелес ортаға беру;
31-1) петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға электрондық құжат нысанында жіберілген және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралатын ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс;
32) сұрау салу – әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші;
33) талап қоюшы – өзінің бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген адам не оның мүддесі үшін прокурор, Қазақстан Республикасының заңдарында осындай өкілеттік берілген өзге адам талап қоюды берген тұлға;
34) төрағалық етуші – әкімшілік істі алқалы түрде қарауға басшылық ететін не әкімшілік істі жеке-дара қарайтын судья;
34-1) ұлттық тіркелім – "электрондық үкімет" архитектурасы шеңберінде айқындалатын, салалар (аялар) бойынша деректердің эталондық дереккөздері;
35) ұсыныс – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы;
36) үн қосу – әкімшілік рәсімге қатысушының мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі;
37) хабар – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғаны, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабардар етуі;
37-1) цифрлық трансформациялау – цифрлық технологияларды ендіруді, реинжинирингті және деректерді пайдалануды қамтитын іс-шаралар кешені;
38) шағым – әкімшілік рәсімге қатысушының өзінің және басқа да тұлғалардың әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) бұзған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы талабы қамтылатын жолданым нысандарының бірі;
39) ішкі бақылау – мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың орындауына мемлекеттік орган жүзеге асыратын бақылау.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕРДІҢ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
5-бап. Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері
жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру;
жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу;
тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету;
мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау;
жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту;
біркелкі әкімшілік практиканы қалыптастыру болып табылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары мен олардың мәні
7-бап. Заңдылық қағидаты
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бап. Әділдік қағидаты
9-бап. Құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
Прокурор осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
10-бап. Мөлшерлестік
Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс.
Егер әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін барынша аз дәрежеде шектейтін болса, қажетті деп есептеледі.
Егер әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеу нәтижесінде алынған қоғамдық игілік осы шектеулер келтірген зияннан көп болса, әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) пропорциялы деп есептеледі.
11-бап. Әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері
12-бап. Құқықтар басымдығының қағидаты
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасындағы барлық күмәндар, қайшылықтар мен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі.
13-бап. Сенім құқығын қорғау
14-бап. Формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу
Әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында міндет жүктеуіне тыйым салынады.
15-бап. Анықтық презумпциясы
15-1-бап. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі
Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Соттың белсенді рөлі
Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.
17-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі
18-бап. Сот актілерінің міндеттілігі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөліктің екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін қаулылар және ұйғарымдар нысанында қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. ӘКІМШІЛІК ОРГАН, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
19-бап. Әкімшілік рәсімдегі құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
20-бап. Әкімшілік орган, лауазымды адам
1) жолданымдарды қабылдайды және тіркейді, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік береді;
2) әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
4) әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар етеді;
5) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдайды;
6) әкімшілік актіні осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не олардың өкілдерінің назарына жеткізеді;
7) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тартады;
8) осы Кодексте көзделген жағдайларда, өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсетеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21-бап. Әкімшілік рәсімге қатысушылар
22-бап. Арыз иесі
Егер әкімшілік рәсім жолданымды беру арқылы қозғалған болса, онда мүдделі тұлғалар басталып кеткен әкімшілік рәсімге кірісуге құқылы. Бұл жағдайда көрсетілген тұлғалардың әрқайсысының жолданымы бойынша жеке әкімшілік рәсімді қозғау талап етілмейді.
1) әкімшілік органнан, лауазымды адамнан өзінің әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме алуға;
2) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында тыңдалуға;
3) әкімшілік істі қарау барысында да, қарағаннан кейін де әкімшілік іспен танысуға, үзінді-көшірмелер жасауға және көшірмелерін түсіріп алуға;
4) өтінішхат мәлімдеуге;
5) әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге;
6) әкімшілік орган, лауазымды адам қарап қойған мәселе бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайта жолданым беруге;
7) шағым жасау барысында дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға, оның ішінде түсініктер беруге, заттай дәлелдемелер мен өзге де құжаттарды ұсынуға;
8) егер рәсім оның жолданымы бойынша қозғалған болса, әкімшілік рәсімді тоқтатуға;
9) әкімшілік рәсімде ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге, аудармашының көрсетілетін қызметтерін пайдалануға;
10) осы Кодексте көзделген жағдайларда қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
11) өкілінің болуына;
12) осы Кодексте көзделген жағдайларда өтемақы төлеуді талап етуге;
13) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген басқа да құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
23-бап. Әкімшілік рәсімдегі мүдделі тұлға
4-тарау. СОТ
24-бап. Соттың құрамы
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.03.2021 № 20-VII (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-бап. Соттың алқалы құрамының мәселелерді шешу тәртібі. Ерекше пікір
5-тарау. ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
26-бап. Әкімшілік процеске қатысушылардың құрамы
27-бап. Әкімшілік процестік құқық қабілеттілік және әкімшілік процестік әрекет қабілеттілік
28-бап. Талап қоюшы
1) әкімшілік істің материалдарымен танысуға, олардан үзінді-көшірмелер жасауға және көшірмелерін түсіріп алуға;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) әкімшілік процеске басқа да қатысушыларға, куәларға, сарапшыларға және мамандарға сұрақтар қоюға;
4) берілген талап қою бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер, айғақтар беруге және дәлелдер келтіруге;
5) әкімшілік сот ісін жүргізу барысында туындайтын барлық мәселе бойынша өз дәлелдерін келтіруге;
6) әкімшілік істі қарау барысында туындайтын барлық мәселе бойынша өтінішхаттарды және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге, айғақтар, түсініктемелер беруге;
7) аудармашының тегін көмегін пайдалануға, өкілінің болуына;
8) өзінің мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімдер туралы білуге және мәлімделген талап қоюға қатысты процестік шешімдердің көшірмелерін алуға;
9) кез келген сот сатысында әкімшілік істі қарауға қатысуға;
10) әкімшілік процеске басқа да қатысушылардың өтінішхаттары мен дәлелдеріне қарсы болуға;
11) сот жарыссөздерінде сөйлеуге, сот актілеріне шағымдар беруге;
12) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
13) әкімшілік іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары мен наразылықтары туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;
14) мәлімделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттары мен наразылықтарын сотта қарауға қатысуға құқығы бар.
29-бап. Жауапкер
1) талап қоюдың мәнін білуге;
2) талап қоюға қарсы болуға;
3) әкімшілік іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді-көшірмелер жасауға және көшірмелерін түсіріп алуға;
4) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
5) әкімшілік процестің басқа қатысушыларына, куәларға, сарапшыларға және мамандарға сұрақтар қоюға;
6) әкімшілік сот ісін жүргізу барысында туындайтын барлық мәселе бойынша өз дәлелдерін келтіруге;
7) берілген талап қоюдың мәні бойынша өтінішхаттарды және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге, айғақтар, түсініктемелер беруге және дәлелдер келтіруге;
8) аудармашының тегін көмегін пайдалануға, өкілінің болуына;
9) өзінің мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімдер туралы білуге және мәлімделген талап қоюға қатысты процестік шешімдердің көшірмелерін алуға;
10) кез келген сот сатысында талап қоюды қарауға қатысуға;
11) әкімшілік процеске басқа қатысушылардың өтінішхаттары мен дәлелдеріне қарсы болуға;
12) сот жарыссөздерінде сөйлеуге, сот актілеріне шағымдар беруге;
13) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
14) әкімшілік іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары мен наразылықтары туралы білуге және оларға қарсылықтар беруге;
15) мәлімделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттары мен наразылықтарын сотта қарауға қатысуға құқығы бар.
30-бап. Әкімшілік процестегі мүдделі тұлға
31-бап. Прокурор
Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері соттың интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы соттың қарауға тағайындалған барлық әкімшілік істер туралы уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік істің қаралатын уақыты мен орны туралы хабарланған прокурордың келмеуі әкімшілік іс бойынша сот талқылауына кедергі болмайды.
1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға орай құқықтары мен мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың;
2) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болдырмау үшін қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы.
Осы бөліктің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, прокурор адамның өтініші мен талап қоюына қарамастан, сотқа талап қоюды бере алады.
6-тарау. ӘКІМШІЛІК ІСКЕ ҚАТЫСАТЫН ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
32-бап. Куә
1) қарауға өзі қатысқан істің мән-жайлары туралы – судья;
2) өз міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – төреші, алқаби;
3) өкілдің немесе қорғаушының міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өкілдер, қорғаушылар;
4) тәубаға келу үстінде өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – діни қызметші;
5) өзінің жасының толмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне орай әкімшілік іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақтар беруге қабілетсіз адам;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;
7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген өзге де адамдар куә ретінде жауап алуға жатпайды.
1) өзіне, жұбайына (зайыбына) және аясы заңда айқындалатын жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас тартуға;
2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақтар беруге;
3) әкімшілік сот ісін жүргізуде аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
5) әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беруге, өзінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қатысты өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.
1) соттың шақыруы бойынша келуге;
2) әкімшілік іс бойынша белгілі болғанның бәрiн шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;
3) тыңдау және сот отырысы кезінде белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
33-бап. Сарапшы
1) әкімшілік істің сот сараптамасы нысанасына қатысты материалдарымен танысуға;
2) өзіне қорытынды беруге қажетті қосымша материалдарды беру туралы өтінішхатты мәлімдеуге;
3) соттың рұқсатымен процестік әрекеттерді жүргізуге, сот отырысына қатысуға және әкімшілік іске қатысушыларға сот сараптамасы нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
4) өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және хаттамаларға өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс тіркеліп-бекітілуіне қатысты енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
5) сот сараптамасын тағайындаған сотпен келісу бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, әкімшілік іс үшін маңызы бар мән-жайлар бойынша, оның ішінде тұжырымдалған мәселелердің шегінен шығатын мән-жайлар бойынша қорытынды беруге;
6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
7) сот сараптамасын жүргізу кезінде процестік құқықтарды бұзатын тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне шағым жасауға;
8) сот сараптамасын жүргізу кезінде шеккен шығыстардың өтемін алуға және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің аясына кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
1) сотқа білдірмей, әкімшілік процеске қатысушылармен сот сараптамасын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға;
3) егер бұған соттың арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге алып келуі мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
1) соттың шақыруы бойынша келуге;
2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған сұрақтар бойынша негізді және объективті жазбаша қорытынды беруге;
3) қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін емес екені туралы уәжді жазбаша хабар жасауға және оны сотқа жіберуге;
4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) әкімшілік істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және сот сараптамасын жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;
7) сотқа шығыстар сметасын және сот сараптамасын жүргізуге байланысты шеккен шығыстар туралы есепті ұсынуға міндетті.
34-бап. Маман
Сот әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша да мамандарды тартуға құқылы. Әкімшілік процеске қатысушылар соттан арнаулы білімі және (немесе) дағдылары бар нақты адамды маман ретінде тартуды өтіне алады.
1) әкімшілік істің зерттеу нысанасына қатысты материалдарымен танысуға;
2) өзіне қорытынды беруге қажетті қосымша материалдарды беру туралы өтінішхатты мәлімдеуге;
3) өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге;
4) егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдылары болмаса, әкімшілік іс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға;
5) әкімшілік процеске қатысушыларға соттың рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, әкімшілік істің материалдарын зерттеуге, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындауға жәрдем көрсету кезіндегі өзінің әрекеттеріне байланысты мән-жайларға аударуға;
6) өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және хаттамаға өзі қатысқан кезде жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерінің толық және дұрыс тіркеліп-бекітілуіне қатысты енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасауға;
7) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және консультация (түсінік) беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
8) сот әрекеттерін жүргізуге қатысуына байланысты өзі шеккен шығыстардың өтемін алуға және егер әкімшілік іс бойынша іс жүргізуге қатысу өзінің лауазымдық міндеттерінің аясына кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
1) сотқа білдірмей, әкімшілік іске қатысушылармен зерттеулер жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес.
1) соттың шақыруы бойынша келуге;
2) дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету үшін арнаулы білімді, дағдылар мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, процестік әрекеттерді жүргізуге және сот талқылауына қатысуға;
3) өзі орындайтын әрекеттер бойынша түсінік беруге;
4) әкімшілік iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және әкімшілік іске қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге;
5) сот отырысы кезінде тәртіп сақтауға;
6) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
35-бап. Аудармашы
1) аударманы жүзеге асыру кезінде қатысушы адамдарға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға;
2) іс жүргізуде өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығына және дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
3) егер оның аударма үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, әкімшілік іске қатысудан бас тартуға;
4) сот әрекеттерін іс жүргізуге қатысуына байланысты өзі шеккен шығыстардың өтемін және егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындаған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
1) соттың шақыруы бойынша келуге;
2) толық және дұрыс аударманы жүзеге асыруға;
3) әкімшілік іске қатысушыларға олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аударылып табыс етілетін құжаттардағы аударманың дұрыстығын өз қолтаңбасымен куәландыруға;
4) әкімшілік істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және аудармашы ретінде тартылуына байланысты өзіне белгілі болған өзге де деректерді жария етпеуге;
5) сот отырысы кезінде тәртіп сақтауға міндетті.
2-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ІШКІ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕРІ
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ІШКІ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
36-бап. Мемлекеттік органдардың ішкі әкiмшiлiк рәсiмдерiн жүзеге асыру шарттары
Осы Кодексте көзделген мемлекеттік органдардың ішкі әкiмшiлiк рәсiмдері:
1) мемлекеттік сайлау органдарын қоспағанда, төмен тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрғандарға бағынуы;
2) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
3) мемлекеттiң барлық мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарының құзыретінің нақты ажыратылуы және келісіп жұмыс істеуі жағдайларында жүзеге асырылады.
37-бап. Жеке қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау
38-бап. Мемлекеттік органның жеке қолданылатын құқықтық актісінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырмаларының орындалуын ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1) жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) орындалуын бақылау болып бөлінеді. Бұл жағдайда орындалуға жататын іс-шаралар қамтылатын жеке қолданылатын барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді.
1) қажетті ақпаратты талап етіп алдыру;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) сол жерге барып тексеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.
1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдар және олардың лауазымды адамдары қызметінің өздерінің алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;
2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
3) орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы.
Бұл ретте бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түсетін ақпаратты:
1) жеке қолданылатын құқықтық актінің орындалу дәрежесі мен сапасын;
2) жеке қолданылатын құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шаралар белгілеуді;
3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;
4) жеке қолданылатын құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды адамдардың жауаптылығын айқындау үшін талдайды.
Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады. Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушыларына қабылданған шешім туралы хабарланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын бақылаудан алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін.
Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі бақылау бойынша уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.
39-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау
Мемлекеттік органның жұмыс жоспары негізінде осы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын жасайды.
40-бап. Мемлекеттік орган және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы регламент, ереже
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу мен бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41-бап. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері
Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері мемлекеттік органның өкілеттіктері деп түсініледі.
Мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік органның міндеттері деп түсініледі.
Мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыруы мемлекеттік органның функциялары деп түсініледі.
Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады;
мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеу функциялары болып табылады;
жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде рұқсаттарды, сондай-ақ оларға қосымшаларды беруге, ұзартуға, қайта ресімдеуге, жаңартуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;
жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функциялары деп бөлуді – Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін, мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдауды дербес жүргізеді.
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41-1-бап. Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функциялары мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне енгізілуге тиіс.
Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ оның құрылымын мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін қалыптастыру процесін цифрландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі осы Кодекстің 41-бабының 2-тармағында көзделген функциялар сыныптамасына сәйкес мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша қалыптастырылады және бәсекелес ортаға берілген функцияларды қамтиды.
Ескерту. 41-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
42-бап. Жеке-дара өкiмдiк қызмет
43-бап. Алқалы мемлекеттiк орган
1) тиiсiнше бір тоқсан және бір жыл мерзiмге алқалы мемлекеттік органның басшысы не алқалы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтетін, мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiлетін, отырыстарды өткiзу жоспарын әзiрлеу және бекiту;
2) алқалы мемлекеттiк органның отырысына шығарылатын мәселелердi дайындауды, отырысты өткiзу жөніндегi өзге де ұйымдастыру іс-шараларын оның тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi не алқалы мемлекеттік органның қызметiн қамтамасыз ететiн орган жүзеге асырады.
43-1-бап. Жобалық басқару
Ескерту. 43-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-2-бап. Деректерді басқару
1) деректерді басқарудың мемлекеттік саясатына басшылықты жүзеге асырады және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлейді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекітеді.
2-2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган деректерді басқару жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес әкімшілік деректердің сапасын айқындайды.
Ескерту. 43-2-баппен толықтырылды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-3-бап. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау
Ескерту. 43-3-баппен толықтырылды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-4-бап. Ұлттық тіркелімдер
Ескерту. 43-4-баппен толықтырылды - ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
44-бап. Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi
45-бап. Ақпарат алмасуға қойылатын талаптар
1) Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiне, оның әлемдiк байланыс пен информатика жүйесiне енуiне;
2) ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесiн нығайтуға ықпал етуге тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарының шешiмдер қабылдауы объективтi және алдын алушы ақпаратқа негiзделуге тиiс.
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпарат өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін ғана беріледі. Бұл ақпарат қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланылмайды.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттандыру объектілеріндегі деректерге қол жеткізуге мемлекеттік органдардың келісімі талап етілмейді.
5-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде ақпарат болған жағдайда, оны жеке және заңды тұлғалардан жинауға және талап етуге тыйым салынады.
Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін орындау процесінде қағаз жеткізгіштегі құжаттар пайдаланылған жағдайда, қағаз жеткізгіштегі құжаттарды электрондық құжаттар нысанына аудару жөніндегі шаралар қабылданады.
Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық нысандағы құжат (электрондық құжат) қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең және өзге де тәсілдермен куәландыруды талап етпейді.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
46-бап. Қызметтік құжаттардың орындалуын ішкі бақылау
8-тарау. ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН БӘСЕКЕЛЕС ОРТАҒА БЕРУ
47-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің жалпы ережелері
1) бәсекелес ортаны дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру;
3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
4) оңтайландыру.
1) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтау;
2) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізділігі мен тиімділігі;
4) бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша процестердің үздіксіздігі және тұтастығы, сондай-ақ оған байланысты оңтайландыру.
1) аутсорсинг;
2) мемлекеттік тапсырма;
2-1) заңды тұлғаларға трансферттер беру;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;
4) пайдаланушылар есебінен беру;
5) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
1) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, орталық және (немесе) жергілікті органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігі;
2) нарықтың дайындығы немесе бәсекелес ортаның болуы;
3) нарықты дамытудың әлеуетті мүмкіндігі.
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесі;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген, қандай нормативтік құқықтық актімен бәсекелес ортаға берілгені көрсетілген функциялары;
3) Комиссияның шешімі, мониторинг нәтижелері және мониторинг қорытындылары бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қайтарылған орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының қандай нормативтік құқықтық актімен қайтарылғаны көрсетілген тізбесі.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға беру
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аутсорсинг арқылы жүзеге асыру үшін олар бәсекелес ортаға беріледі.
49-бап. Орталық атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беру
49-1-бап. Орталық атқарушы органдардың функцияларын заңды тұлғаларға трансферттер беру арқылы бәсекелес ортаға беру
Ескерту. 49-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
50-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 4.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
51-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға пайдаланушылар есебінен беру
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау арқылы бәсекелес ортаға беріледі және пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады.
52-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы бәсекелес ортаға беру
53-бап. Мониторинг
1) жеке және заңды тұлғалардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі жолданымдарын талдауға;
2) бәсекелес ортадан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынатын, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі ақпаратты талдауға;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі деректерді жинау және талдау жүйесіне;
4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүргізетін нарықтың дайындығын талдауға негізделеді.
Нәтижелілік өлшемшарты орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуының орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар белгілеген басты көрсеткіштеріне қол жеткізуін айқындайды.
Процесс өлшемшарты орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын бағалауды жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, бәсекелес ортадан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі ақпаратты талдаудың негізінде айқындайды.
Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер негізінде, мемлекеттік органдар функцияларының тізілімі шеңберінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың парафискалдық төлемдерге алып келетін функцияларын бөліп көрсете отырып, бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімін жүргізеді.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 4.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
54-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың ішінара беруі шеңберінде – мұндай функцияларды қайтару орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен жасалған шартты бұзу арқылы қамтамасыз етіледі;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың толық беруі шеңберінде – мұндай функцияларды қайтару үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу жөнінде шаралар қабылданады.
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару үшін Комиссияның ұсынымдарынан кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне функцияларды орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға қайтаруды қамтамасыз ету үшін қажетті нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныс енгізеді.
55-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
56-бап. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкiметiн орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерi туралы хабардар етеді;
3) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
6) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшiн ұсынылатын функцияларының құнын айқындау әдiстемесін әзiрлейдi және бекiтедi;
7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
8) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылу мониторингін жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
9) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі әдістемелік көмекті және орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
10) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген нарықтың дайындығын талдауға олардың сараптамалық қорытындыларын дайындайды және береді;
11) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдар бәсекелес ортаға беру үшiн ұсынатын орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын іріктеу нәтижелерiне өз құзыретi шегiнде сараптама жүргізеді;
12) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдар жүргізген оңтайландыру нысанасына ұсынылған есеп-қисап бойынша қорытынды дайындайды және береді;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
57-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1) жыл сайынғы негізде мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізеді;
3) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
5) пайдаланушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын орындаушыларды миниторинг нәтижелерімен таныстыруға міндетті;
7) орталық атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру нысанасына есеп-қисап жүргізеді және оны мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) жыл сайынғы негізде мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізеді;
3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) пайдаланушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыларды миниторинг нәтижелерімен таныстыруға міндетті;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру нысананына есеп-қисап жүргізеді және оны мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
7) жергiлiктi мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
58-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің ұсыныстарын жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының сапасыз жүзеге асырылуы туралы мәселелерді қарауға қатысады;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
59-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылы
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде:
1) жыл сайынғы негізде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуге;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізуге;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
60-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың құқықтары мен міндеттері
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берiлген функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат үшiн орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдарға сұрау салумен жүгінуге;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығының баламалы талдауын жүргізуге;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;
4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізуге қатысуға;
5) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін жыл сайынғы негізде іріктеу жүргізуге қатысуға;
6) мониторинг нәтижелерiмен танысуға;
7) мониторинг нәтижелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мониторингтің нәтижелерімен келіспеу туралы жазбаша түсініктемелер не Комиссияның қарауына жататын ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға құқылы.
1) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берiлген функцияларын сапалы жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларын алған кезде олар үшін қажетті жағдайлар жасауға;
3) осы Кодексте көзделген жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруге;
4) пайдаланушыларға орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берiлген функцияларын жүзеге асыру тәртiбi туралы толық және анық ақпарат беруге;
5) пайдаланушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге бағытталған шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдауға міндетті.
61-бап. Комиссияның қызметі мен функциялары
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік субъектілерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіруі мүмкін.
1) орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлейдi;
2) мемлекеттік басқаруды жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары негізінде орталық және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді.
3-БӨЛІМ. ӘКІМШІЛІК РӘСІМ
9-тарау. ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІ ҚОЗҒАУ
62-бап. Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
1) жолданым;
2) әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
63-бап. Жолданымға қойылатын жалпы талаптар
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
64-бап. Жолданымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу
Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-бөліктің қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңінде осы Кодекстің 175-бабының 2-1-бөлігінде берілген редакция қолданыста болады.
Арыз иесінің жолданымды кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қайта жолданым беру құқығынан айырмайды.
65-бап. Жолданымды уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға әрі қарай жолдау
66-бап. Әкімшілік рәсімдегі хабарлама (хабархат)
Заңды тұлғаға арналған хабарламалар (хабархаттар) оның орналасқан жері бойынша жіберіледі.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
67-бап. Лауазымды адамға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту)
1) әкімшілік рәсімге қатысушы немесе оның өкілі ретінде осы әкімшілік рәсімге қатысқан болса;
2) әкімшілік рәсімге қатысушының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылса;
3) әкімшілік рәсімге қатысушыға қызметтік немесе өзге де тәуелді болса;
4) әкiмшiлiк iстің нәтижесiне жеке-дара, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса не оның объективтiлiгi мен әділдігі туралы күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, ол әкімшілік рәсімді жүзеге асыра алмайды.
Егер заңда тиісті тұлға көзделмесе, қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) әкімшілік орган басшысының орынбасары, ал ол болмаған кезде басқа лауазымды адам рұқсат береді.
68-бап. Әкімшілік рәсімде өкілдік ету
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің әкімшілік істерін басқа адамның жүргізуіне уәкілеттік беруге құқылы, бұл туралы әкімшілік органға, лауазымды адамға ауызша нысанда хабарлайды. Бұл жағдайда әкімшілік орган, лауазымды адам өкілдің өкілеттігін жазбаша нысанда ресімдейді, оған өкілдік беруші қол қояды.
Өкiл шеттетілген кезде әкiмшiлiк орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімді жүзеге асыруды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу үшін қажеттi, бірақ үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
69-бап. Әкімшілік істерді жүргізу және есепке алу
Жарнамасы бар ұсыныстар, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен жолданымдар есепке алуға жатпайды.
70-бап. Әкімшілік рәсімді тоқтату
1) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;
2) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
3) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса;
4) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бар болса, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады.
10-тарау. ӘКІМШІЛІК ІСТІ ҚАРАУ
71-бап. Әкімшілік істі жеке-дара және алқалы түрде қарау
Әкімшілік істі лауазымды адам жеке-дара, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда не әкімшілік органның шешімі бойынша алқалы құрам қарайды.
72-бап. Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу
73-бап. Тыңдау
Тыңдау:
1) әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы;
2) ақпараттық жүйелерді пайдалану;
3) әкімшілік рәсімге қатысушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
1) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкiмшiлiк актіні қабылдайтын;
2) атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін үш күндік мерзімнен аз уақыт белгіленген;
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық және (немесе) мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында әкімшілік актіні дереу қабылдау талап етілетін;
5) әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы өтінішхат берген;
6) оңайлатылған әкімшілік рәсім жүзеге асырылатын;
7) әкімшілік іс бойынша шешім автоматтандырылған процесті жүзеге асыру кезінде қабылданатын, бұл ретте әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік таңдау берілмеген жағдайларға қолданылмайды.
Осы бөліктің 4) тармақшасында белгіленген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіде тыңдау жүргізілмеген дәлелдерді көрсетуге міндетті.
74-бап. Тыңдау хаттамасы
1) әкімшілік іс қаралатын орын мен күн, оның басталатын және аяқталатын уақыты;
2) әкімшілік органның атауы, лауазымды адамның, хатшының тектері және аты-жөні;
3) әкімшілік рәсімге қатысушы және (немесе) әкімшілік іске қатысатын өзге де адам туралы мәліметтер;
4) қаралатын мәселенің мазмұны;
5) қатысатын тұлғалардың түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны көрсетіледі.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша төрағалық етуші оларды қанағаттандыру не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
75-бап. Әкімшілік рәсімге қатысушының әкiмшiлiк іс материалдарымен танысуы
76-бап. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімдері
77-бап. Әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері
1) әкімшілік актіні қабылдау;
2) әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірін шығарады.
11-тарау. ӘКІМШІЛІК АКТ
78-бап. Әкімшілік актілердің нысандары
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау талап етілсе;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда ауызша немесе өзге нысанда қабылдануы мүмкін.
79-бап. Әкімшілік актіге қойылатын жалпы талаптар
80-бап. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қабылданған әкімшілік актінің мазмұны
1) әкімшілік актіні қабылдаған әкімшілік органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні;
2) әкімшілік актінің қабылданған күні;
3) арыз иесі туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлғалар үшін: атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны;
4) әкімшілік актіні қабылдаған кезде шешілетін мәселелердің сипаттамасы және әкімшілік актінің негіздемесі;
5) лауазымды адамның қолы.
1) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаған;
2) әкімшілік орган, лауазымды адам күнтізбелік отыз күн ішінде саны бес әкімшілік актіден асатын бір нысана туралы ұқсас әкімшілік актілерді үздіксіз қабылдаған немесе әкімшілік актілерді интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған және әрбір жағдайда негіздеу қажеттігі болмаған;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.
81-бап. Әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізу
82-бап. Қате жазуларды және (немесе) арифметикалық қателерді түзету
83-бап. Әкімшілік актінің күшіне енуі, қолданысқа енгізілуі және қолданысының тоқтатылуы
84-бап. Заңсыз әкімшілік актінің күшін жою
Мәні бойынша дұрыс әкімшілік акт бір ғана формальды негіздер бойынша заңсыз деп таныла алмайды.
Әкімшілік акт қабылданған кезден бастап та, ол заңсыз деп танылған кезден бастап та жарамсыз деп танылуы мүмкін.
1) соның негізінде әкімшілік акт шығарылған құқықтық акт конституциялық емес деп танылса;
2) әкімшілік рәсімдерге қатысушы ұсынған құжаттың не мәліметтердің қасақана анық еместігі белгіленсе;
3) әкімшілік акт әкімшілік рәсімге қатысушының заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен, прокурордың, қылмыстық қудалау органының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгіленген құқыққа қарсы әрекеттерді жасауы нәтижесінде қабылданса;
4) әкімшілік акт мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғайтын не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін ауыр еңсерілмес салдарға алып келуі мүмкін болса, сенім құқығын қорғау қағидатына сілтеме жасауға құқылы емес.
85-бап. Заңды әкімшілік актінің күшін жою
1) әкімшілік актінің күшін жою мүмкіндігі Қазақстан Республикасының заңдарында және әкімшілік актіде көзделсе;
2) әкімшілік акт шартпен қабылданса және бұл шарт орындалмаса не тиісінше түрде орындалмаса, заңды қолайлы әкімшілік актінің күші жойылуы мүмкін.
86-бап. Әкімшілік актіні орындау тәртібі мен мерзімдері
12-тарау. ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК РӘСІМ
87-бап. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді жүзеге асыру тәртібі
88-бап. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату
1) қайталама хабарламаларда, ұсыныстарда, үн қосуларда, сұрау салуларда жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал алдыңғы хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың материалдарында тексерудiң қажетті материалдары болса және арыз иесіне белгiленген тәртiппен жауаптар берілсе;
2) хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың авторын анықтау мүмкін болмаса, арыз иесінің қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы болмаса, оларда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы және олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға дереу жолдануға жататын мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда;
3) хабарламада, ұсыныста, үн қосуда, сұрау салуда мәселенің мәні баяндалмаса, оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады.
89-бап. Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қараудың нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері
1) жауап, оның ішінде хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың мәні бойынша ақпарат беру;
2) назарға алу;
3) оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірі шығарылады.
90-бап. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
12-1-тарау. Петиция
Ескерту. Кодекс 12-1-тараумен толықтырылды – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
90-1-бап. Жалпы ережелер
90-2-бап. Петицияны беру тәртібі
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, электрондық мекенжайы;
2) петиция берілетін мемлекеттік органның, жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы органның атауы;
3) арыз иесі өкілінің тиісті өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны оның өкілі берсе);
4) петицияның мазмұны, сондай-ақ петицияның нысанасы бойынша дәлелдер мен ұсыныстар көрсетіледі.
Қажет болғанда арыз иесі немесе оның өкілі растайтын құжаттарды және (немесе) өзге де материалдарды петицияға қоса береді.
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға алып келуі мүмкін;
2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығы мен имандылығына нұқсан келтіруі мүмкін мәселелер;
3) Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі мәртебесін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережелерді өзгерту;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мен Мемлекеттік шекарасы;
5) сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот төрелігін жүзеге асыру;
6) прокуратура органдарының заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауы;
7) сыртқы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру, құқық қорғау қызметі, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзету іс-шараларын жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару, қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы;
9) қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтау;
10) адамдарға рақымшылық және кешірім жасау;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Палаталары мен Үкіметінің қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымынан босату;
12) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелерді орындау мәселелері;
13) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында реттелетін мәселелер;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері;
15) мемлекеттік тілдің мәртебесі;
16) мемлекеттік органдардың құзыретін, өкілеттіктерін, функциялары мен міндеттерін өзгерту мәселелері;
17) төтенше жағдай және (немесе) төтенше ахуал режимдерінің қолданылуы шеңберінде қабылданатын шешімдердің күшін жою және оларды өзгерту туралы мәселелер петицияның нысанасы бола алмайды.
1) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіппен он жұмыс күні ішінде электрондық нысанда және жиырма жұмыс күні ішінде жазбаша түрде Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының петицияға қосылуы;
2) петицияның осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі;
3) петицияны берген кезде интернет-ресурста дәл сондай нысанадағы петицияның болмауы.
Петицияның осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген шарттарға сәйкестігін анықтау қажет болғанда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберуге құқылы.
Ескерту. 90-2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
90-3-бап. Петицияға қосылу
Петицияға қосылу Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес берілетін дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін берген жағдайда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша оны қолдауға Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде елу мың даусына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша оны қолдауға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде екі пайыз даусына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша оны қолдауға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде бір пайыз даусына;
қалалық, аудандық жергілікті өкілді органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша оны қолдауға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халық саны елу мыңнан асқанда – Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде бес мың даусына, қалғандары үшін – халық санының кемінде он пайызына;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, республикалық маңызы бар қалалардағы (астанадағы) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың әкімдері аппараттарының, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі әкімдер аппараттарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша оны қолдауға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халық саны елу мыңнан асқанда – Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде екі мың бес жүз даусына, қалғандары үшін – халық санының кемінде бес пайызына ие болған петиция қолдау тапқан болып есептеледі.
Мұндай петицияны мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы органға жібереді және ол осы Кодексте белгіленген тәртіппен хабар, үн қосу немесе ұсыныс ретінде қаралады.
90-4-бап. Петицияларды қабылдау, тіркеу және есепке алу
Петицияны қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
90-5-бап. Петицияны қарау тәртібі мен мерзімі
1) петицияны орталық мемлекеттік орган тіркеген күннен бастап қырық жұмыс күнінен аспайды;
2) петицияны жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы орган тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.
1) петицияда жазылған фактілерді тексеру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, сол жерге баруды жүзеге асыруға;
2) шешімнің жобасын жария талқылауды өткізу басталғанға дейін үш жұмыс күні қалғанда арыз иесін не оның өкілін және мүдделі тұлғаларды шақырып және өткізілетін күні мен орны туралы интернет-ресурстар арқылы, сондай-ақ электрондық немесе қағаз нысанда міндетті түрде хабардар ете отырып, оны өткізуге;
3) құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, Қазақстан Республикасы Парламентінің және (немесе) мәслихаттың депутаттарын, арыз иесін немесе оның өкілін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді қоса отырып, жеке комиссияны немесе жұмыс тобын құруға;
4) петицияға қатысты келіп түскен комментарийлерді, сондай-ақ петицияның нысанасы бойынша экономикалық, әлеуметтік, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты талдауға;
5) халықаралық тәжірибені зерделеуге және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуге (егер петицияның нысанасы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізуді талап ететін болса) міндетті.
Петицияны қарау кезінде жергiлiктi өкiлдi және (немесе) атқарушы органдар:
1) петицияда жазылған фактілерді тексеру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, сол жерге баруды жүзеге асыруға;
2) шешімнің жобасын жария талқылауды өткізу басталғанға дейін үш жұмыс күні қалғанда арыз иесін не оның өкілін және мүдделі тұлғаларды шақырып және өткізілетін күні мен орны туралы интернет-ресурс арқылы, сондай-ақ электрондық немесе қағаз нысанда міндетті түрде хабардар ете отырып, оны өткізуге;
3) құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, Қазақстан Республикасы Парламентінің және (немесе) мәслихаттың депутаттарын, арыз иесін немесе оның өкілін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді қоса отырып, уақытша комиссияны немесе жұмыс тобын құруға міндетті.
90-6-бап. Петицияны қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1) петицияны толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Петицияны қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік тілде немесе петиция тілінде, мазмұны жағынан негізделген және уәжделген болуға, арыз иесінің немесе оның өкілінің және петицияға қосылған Қазақстан Республикасы азаматтарының қабылданған шешімге шағым жасау құқықтары түсіндіріле отырып, олардың дәлелдерін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтуға тиіс.
Петицияны қарау нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы, жергiлiктi өкiлдi органның төрағасы ресми түрде хабарлама жасауға міндетті.
13-тарау. ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ. ШАҒЫМ БЕРУ
91-бап. Шағым жасау тәртібі
Осы Кодексте көзделген жағдайларда әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам үшін бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған болып табылатын Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, Қазақстан Республикасының Үкіметін қоспағанда, әкімшілік орган, лауазымды адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодекстің мақсаттары үшін шағымды қарайтын орган деп танылады.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Ескерту. 91-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
92-бап. Шағым беру мерзімі
Шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында шағымды қарайтын орган ауруды, еңсерілмейтін күштің мән-жайларын және адамды шағым беру мүмкіндігінен айыратын өзге де себептерді дәлелді себептер ретінде таниды.
93-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны
1) шағымды қарайтын органның атауы;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) жеке тұлғаның нақты тұратын және заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы;
4) әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
5) әкімшілік рәсімге қатысушы өз талаптарын және дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;
6) шағым беру күні;
7) әкімшілік рәсімге қатысушының қолы;
8) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.
94-бап. Шағымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу
95-бап. Шағымды қараусыз қалдыру
1) шағымды қарайтын органның әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты шағымды қарау нәтижелері бойынша шағымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шешімі бар болса;
2) сол адамға қатысты, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
3) шағымды қарайтын орган шағымды қайтарса;
4) шағымды қарайтын орган арыз иесінен шағымды кері қайтарып алуды қабылдаған болса, шағымды қараусыз қалдырады.
96-бап. Шағым берудің салдары
Шағым беру мыналарды:
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау қажеттілігін;
2) тиісті шешім қабылдағанға дейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі әкімшілік актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған қадағалап ден қою (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) шараларын қолдану жөніндегі, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын оның депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы тұрақсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары санатына жатқызу және оларға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы әкімшілік актіні, сондай-ақ бюджет қаражатын орынсыз және негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әкімшілік актілерін;