1.Ауыл тұрғындарына жеке меншік бойдақ малдарын мал бағымына қосу үшін ескерту парақтары таратылып 2 рет жиналыс өткізілді.
2.Ауылдық бойдақ МІҚ малдарын бағу ұйымдастырылып 1 бағытта бағылады.
Мал ауруларының алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес ветеринарлық профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Саржал ауылдық округінде 5 мал дәрігері тұрақты жұмыс істеуде. Ветеринарлық пункт меңгерушісіне ауылдық әкімдіктен бір кабинет беріліп, интернет желісіне қосылған.
Серологиялық әдіспен бруцеллез ауруына қарсы жүргізілген жұмыстар:
МІҚ – 10570 бастан бруцеллез ауруына қарсы қан алынып, 27 бастан ауру анықталып, етке өткізілді.
Ұсақ малдан 6274
бастан қан алынып, ауру мал болмады.
Мал өлексесін тастайтын арнайы орын жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда мал өлексесін тастайтын орынға қоршау жүргізілуде.
Мүйізді ірі қара, ұсақ малдарға тиісті жұмыстар жүргізіліп қандары уақытында алынып, егу жұмыстары уақытында жүргізілуде.