Ағымдағы жылдың 12 қазан күні жалпы орта білім беру ұйымдарының 8–11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.
Ұлттық рух пен көркем сөзді ұлықтаған тағылымды байқаудың басты мақсаты – қазақ тілін, ұлттық өнер мен әдебиетті құрметтейтін, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын, өз ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау.
«Ақберен» – жас өреннің сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін шыңдап, ұлттық құндылықтарды терең тануына жол ашатын, талант пен талапты тоғыстыратын тағылымды байқау.
Байқау 6 бағыт бойынша ұйымдастырылып, аудан мектептерінен барлығы 35 оқушы өзара бақ сынады. Қатысушылар өздерінің білім-білігін, шығармашылық ізденісін, өнері мен шеберлігін көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша әр бағыттан жүлделі І орын иеленген оқушылар республикалық «Ақберен» оқуларының облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жас талапкерлердің әрбір жетістігі – ұлттық өнер мен әдебиеттің болашағына жасалған нық қадам. Дарынды оқушыларға облыстық кезеңде сәттілік пен шығармашылық биіктер тілейміз!
Ұлттық өнерді ұлықтаған жас дарындарымыздың алар асуы биік болсын!
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде «Б.Байғожина атындағы бөбекжайы» КМҚК әдіскері Думанбекова Лаура Дандыбековна Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық әдістемелік орталығы» КММ арнайы грамотасымен марапатталды.
Абай ауданының жас спортшылары облыстық жарыста топ жарып, аудан мерейін үстем етті!
Аудандық іріктеу кезеңінде І орын иеленген Әуезов мектебінің командасы облыстық кезеңге жолдама алып, Абай облысының орталығы Семей қаласында өткен «Ауыл спорты» облыстық жарысында жоғары нәтиже көрсетті.
Облыстық додаға аудан мектептерінен жасақталған құрама қатысты. Оның құрамында:
- Әуезов мектебінен – 5 оқушы;
- Орта мектептен – 1 оқушы;
- Гимназиядан – 1 оқушы;
- ММГИ-ден – 2 оқушы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Абай ауданының құрамасы чемпион атанып, 200 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Жас спортшыларға жетекшілік жасап, жарыс барысында қолдау көрсеткен Әуезов мектебінің мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.
Бұл жеңіс – табанды еңбектің, бірліктің және жеңіске деген жігердің жемісі!
Ендігі мақсат – республикалық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғау!
Жеңісті жолдарыңыз жалғасын тауып, республикалық жарыста да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
2026 жылдың 09 қазан күні Семей қаласы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынов атындағы N 47 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында
республикалық "Махамбет оқулары" байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауға аудан мектептерінен 4 оқушы қатысып 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
"Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер" бағыты бойынша:
I орын - Тоқанова Даяна "Мамай атындағы негізгі орта мектебі" КММ 9 сынып оқушысы, жетекшісі Елубаева Айман;
"Ел құтқарар ер едім...." бағыты бойынша:
II орын- Тілеухан Ақерке Алмасқызы "Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі" КММ 9 сынып оқушысы; жетекшісі Мейрамғалиева Мөлдір;
"Тартынбай сөйлер асылмын...." бағыты бойынша:
II орын- Тәртіпқали Еркебұлан "ЖББ Қарауыл гимназиясы" КММ 9 сынып оқушысы, жетекшісі Ерболатова Гүлім
Облыстық кезеңнен I орын алған оқушымыз Тоқанова Даянаға республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!
2026 жылғы 9 қазанда Абай ауданының білім бөлімі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестердің құрамына кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында комиссия төрағасы сайланып, ауданның білім беру ұйымдарынан ұсынылған Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттардың құжаттары қаралды. Кандидаттардың ұсынылған құжаттарының талаптарға сәйкестігі тексеріліп, әр кандидатура бойынша талқылау және дауыс беру жүргізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, Қамқоршылық кеңестердің құрамын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
«Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті
2026 жылғы 7 қазан күні жалпы орта білім беретін мектептердің 5–11 сынып оқушылары арасында облыстық «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – ұлы жазушы, ғалым, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығын кеңінен насихаттау, қаламгердің қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан мол мұрасын дәріптеу, оқушылардың әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Шығармашылық байқау 4 бағыт бойынша ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің білімін, ізденісін және шығармашылық әлеуетін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша әр бағыттан І орын иеленген оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік, шығармашылық шабыт және жоғары жетістіктер тілейміз!
Әуезов әлемін таныған ұрпақ – руханият биігін бағындырар ұрпақ!
«Ұстаздарға мың алғыс» онкүндігі
Мұғалімдер күніне орай облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы ұсынған «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндік жоспарына сәйкес, Абай ауданының білім беру ұйымдарында онкүндіктің ашылу салтанаттары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтерге онкүндіктің жоспары таныстырылып, алдағы мерекелік іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Ашылу салтанатында оқушылар ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, өлең жолдарын оқып, өздерінің ыстық ықыластарын жеткізді.
Онкүндік аясындағы іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби мәртебесін көтеру, лардың қоғамдағы орынын нығайту, ұстаз еңбегін дәріптеуге, педагог мамандығына деген құрметті арттыруға және білім алушылардың алғысын білдіруге бағытталған.
Абай облысы, Абай ауданы, «С. Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ-де 38 жыл математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен ардагер ұстаз Шаянбай Үмітқан Айтқалиқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж. Д. Сүлейменова қолынан «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісіне арнаған ұлағатты ұстазымыздың бұл марапаты – көп жылғы адал еңбегінің лайықты бағасы.
Үмітқан Айтқалиқызын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз!
2 қазан күні Абай ауданының білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға ауданның мектептері, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімі М. Смағұлов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, марапат табыстады. Сондай- ақ, білім беру саласының дамуына үлес қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етіп жүрген педагогтердің еңбегі аталып, Абай ауданы білім бөлімінің басшысы Б. Скакова және аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы М. Жарылғапов ұстаздарға кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттар және арнайы марапаттар табыстады.
Іс-шара барысында ұстаздық еңбектің қоғамдағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы ерекше атап өтіліп, педагогтерге ізгі тілектер білдірілді.
Мерекелік кеш Көкбай атындағы орта мектебінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға.
Барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!
Ағымдағы жылдың 1 қазан күні физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, математика саласындағы білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру және стандартты емес есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру.
Олимпиадаға ауданымыздан «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Болатқазықызы Әдемі қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жас математик Әдеміні және ұстазын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы білім додаларында биік белестерден көрініп, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.