
18 қазан күні Абай ауданы мектептері бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қауымдастығының кезектен тыс отырысы өтті.
Күн тәртібі:
1. "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жұмыс жоспарымен таныстыру.
2. Білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі нұсқаулық бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен бөлісу.
Жалпы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары барлық мектептерде ашылып, құрамына 85 педагог мүше болып тағайындалды.