
18 қазан күні республикалық “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: Жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру;
Аталған байқауға ауданымыздан 3 жас маман (педагог, психолог, тәлімгер) қатысып қайтты.
Байқаудың нәтижесінде 2 қатысушымыз жүлделі орынмен оралды:
“Шәкерім атындағы орта мектебі” КММ педагог-психологі Қабілетқызы Гүлзат ІІ дәрежелі дипломмен;
”Жалпы орта білім беретін мектеп” КММ тәлімгері Амангелдина Әйгерім ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық байқаудың жүлдегерлерін құттықтаймыз!