
18 қазан күні Абай ауданы білім бөлімі басшысының төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша отырыс өтті. Отырысқа аудан мектептерінен ДТІЖО, мектеп психологтары, тәлімгерлер қатысты.
Күн тәртібі:
1. Ішкі істер органымен біріге отырып, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар өткізу бойынша.
2. Мектептің ішкі тәртібіне бағынбайтын оқушыларды анықтау, жұмыстар жүргізу, шара қолдану бойынша.
3. Тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс жасау бойынша.
4. Абай аудандық ІІБ-де есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жасай отырып, тәлімгерлер тағайындау бойынша.
5. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп жасындағы балалардың бойында имандылық салауатты өмір салтының берікнегіздерін дарыту бойынша жұмыстар туралы.
Отырыс бойынша хаттамасы жасалып, қаулы шығарылды.