«Менің шағын Отаным»

«Менің шағын Отаным»

16 қазан күні 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты:
▫️өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау;
▫️туған өлке тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру;
▫️оқушылардың тарихи өлкетану саласындағы бастамалары мен ізденулерін қолдау;
▫️туған жеріне, өз қаласына, ауылына деген махаббатын зерделеу арқылы достарына түсіндіру.

Конкурстың облыстық кезеңіне Абай ауданынан 4 номинация бойынша 5 оқушы қатысты.

 Конкурстың қорытындысы бойынша Абай ауданынан 2 оқушымыз жүлдегер атанды:
 ІІ орын - “Менің шағын Отанымның тарихы” номиниациясы бойынша “С.Бекбосынов атындағы орта мектебі” КММ 10-сынып оқушысы Серікжанова Тоғжан;
ІІІ орын - “Шағын Отанымның символы” номинациясы бойынша “М.Әуезов атындағы орта мектебі” КММ 10-сынып оқушысы Жеңісхан Диана.

 Облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!