
️16 қазан күні Х республикалық “Ақберен” байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, өз өнерінің қадір-қасиетін түсіну.
Аталған байқауға аудан мектептерінен 8-11 сынып оқушылары арасынан 41 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 25 оқушы жеңімпаз атанды:
І орын - 5 оқушы;
ІІ орын - 10 оқушы;
ІІІ орын - 10 оқушы;
Әр номинация бойынша І орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!