
14 қазан күні Абай облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдер олимипадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты: Білім беру ұйымдарындағы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру; шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.
Аталған олимпиадаға ауданымыздан облыстық кезеңге жолдама алған 3 педагог қатысып қайтты.
”ЖББ Қарауыл гимназиясы” КММ математика пәнінің мұғалімі Әлімғалиева Гүлмира жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жүлдегер ұстазымызды жүлделі орынымен құттықтаймыз!