
2023 жылғы 10 қазан күні Абай облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында «Әлем таныған Әуезов.Әуезов әлемі» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың қорытындысы бойынша ауданымыздың атынан қатысқан оқушыларымыз әр номинациядан жүлделі 1,2,3 орындармен оралды.
«Мұхтарға жыр арнау бір бақыт...» номинациясы бойынша
“ЖББ Қарауыл гимназиясы” КММ оқушысы Шалқарқызы Қарақат І орын;
«М. Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» номинациясы бойынша “М.Әуезов орта мектебі” КММ оқушысы Балтақаева Анель І орын;
«М.Әуезовтің шығармаларынан сахналық қойылым» номинациясы бойынша “ЖББ Қарауыл гимназиясы” КММ ІІ орын;
«Заңғар жазушы ізімен...» эссе номинациясы бойынша “С.Бекбосынов атындағы орта мектебі” КММ оқушысы Жанатбекова Шырай ІІІ орын.
Жүлдегерлерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!