5 қазан Ұстаздар күні!

5 қазан Ұстаздар күні!

Құрметті Ұстаздар мен білім саласының Ардагерлері! Сіздерді кәсіби-мерейлі мерекелеріңіз Ұстаздар күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын!
Бүгінгі күнде педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін "Педагог мәртебесі туралы"ҚР Заңынан туындайтын барлық шаралар мен ынталандырулар жүзеге асуда. Ауданның білім беру жүйесіне мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын өсуде. 2023 жылы қаржыландыру 4 млрд 177 млн 351 мың теңге қаражатты құраса, бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі мұғалімдердің жалақысының жыл сайынғы 25 пайзға өсу есебіне байланысты бөлініп, бүгінгі таңда педагогтар жалақысы толығымен 100 пайыз көрсеткішпен 2 есеге артып отыр. Биылғы оқу жылынан бастап мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілері еңбекақысы қосымша 30 пайызға көтерілді. Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы № 202, №561, №533 бұйрықтарына сәйкес облыстық, аудандық білім саласы уәкілетті органдарының біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі аттестациялық комиссия шешімдеріне сәйкес ауданның білім беру ұйымдарының 2 басшысына «екінші біліктілік санатты басшы» біліктілік санаты, 2 басшысына «үшінші біліктілік санатты басшы» біліктілік санаты, 2 басшыға «басшы-ұйымдастырушы», 22 орынбасарына «үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары» біліктілік санаттары берілді.
Аудан бойынша 412 мұғалім ұстаздық етуде. Ұстаздардың жоғары білімдісі – 390 (95,1%), арнаулы білімдісі – 20 (4,8%), педагог-зерттеуші – 70 (17,0%), педагог- сарапшы – 152 (37 %), педагог-модератор – 124 (30,2 %), санатсызы - 75 (15,8%). Жалпы 80% педагог аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша біліктілік санатын көтеріп, еңбекақысына қосымша үстемақылар тағайындалды. Еліміздің білім беру саласы әлемдік білім беру стандартына сай –12 жылдық білім беру жағдайына көшуге даярлықты қамтамасыз ету жағдайында мұғалімдерді қайта даярлау, кәсіби біліктілігін арттыру бүгінде басты міндеттердің бірі. Қоғам өзгерген сайын мұғалімдерді қайта даярлау мазмұны да тереңдей бермек. Бұл бағытта аудандық білім бөлімі тарапынан озық жаһаншыл технологияларға негізделген оқыту үрдісін жетілдіруге, білім мен тәрбие берудің тиімді инфрақұрылымын жасауға басты назар аударылды.Мұғалімдердің педагогтық потенциалын нығайтуға тиісті талаптар қойылып, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу жүйелі жүргізілуде. Республика,облыс,аудан көлемінде ұстаздарымыз озат тәжірибе тарату мен шығармашыл педагогтерді анықтау мақсатында ұйымдастырылатын кәсіби байқауларға белсенді түрде қатысып келеді. 2022-2023 оқу жылында жалпы білім жетілдіру курстарынан 150 педагог өтті. Бұл барлық мұғалімдердің 33,6 пайызын құрап отыр. Оның 15-і білім беру саласындағы жетекші мамандар, әдіскерлер мен мектеп басшылары.
2022-2023 оқу жылында озат тәжірибелі, шығармашыл ұстаздарымыздың республикалық, облыстық көлемде кәсіби тәжірибелерінде жетістіктер баршылық.
ҚР Білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған Астана қаласында өткен «Лессон стади:рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» ІҰлттық конференциясына шақырту алған ЖББМ педагогтері Садыбекова Анар, Сайлаубекова Балауса қатысып, мектептің озат тәжірибесімен бөлісті. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастыруымен Астана қаласында болып өткен «Білім және ғылым жүйесінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға әдістемелік кабинет меңгерушісі Әбенова Дидар қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісті. 3 мектеп директоры білім беру ұйымдарының басшыларының арасындағы «Жыл директоры» республикалық кәсіби конкурсына қатысып, абыроймен жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды иеленді:І орын: Ақбергенов Ерлан–Ш.Тоқжігітов ат о/м директоры,ІІ орын: Нұрлыбек Орынбекұлы – М.Әуезов ат о/м директоры,ІІІ орын: Садыбекова Анар – ЖОББМ директоры
«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ даласының дара ұлы» атты облыстық өңіраралық педагогикалық оқуларында «Қалдырған ізің мәңгілік...» секциялық бөліміне әдіскер-педагогтер Әбенова Дидар, Альсеитова Гүлназ және М.Әуезов атындағы орта мектебінің педагогі Мурсалимова Толкын қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік қызметінің жаңартылған білім беру жағдайында өзектілігі» тақырыбында баяндамалар жасады. 2022 жылдың 20 қазан күні “Бекбосынов атындағы орта мектебі” КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжан Жанпейісова онлайн режимде орыс әдебиеті пәні бойынша YouTube қосымшасында ашық сабақ өткізіп, тікелей эфирде қауымдастық педагогтері арасында өз іс-тәжірибесімен алмасты. Абай және Павлодар облыстарының білім саласы мамандары қатысқан «Білім беруде STEM бағытын дамыту» атты өңіраралық ғылыми-практикалық конференцияға бөлім әдіскері Д.Әбенова, М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры Н.Орынбекұлы қатысып, «STEAM БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында ғылыми баяндамалар жасады. ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байтусова Айдана Республикалық «Дарынды балаға- талантты ұстаз» байқауының арнайы Грамотасымен, сондай-ақ Республикалық С.Торайғыров оқулары байқауының «Алтын жүлдесі» естелік медалімен марапатталды.
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығы» РМҚИ ұйымдастыруымен болып өткен «Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік семинарда Шәкерім атындағы орта мектебінің озат тәжірибелі педагогтері Тізгінбай Райкүл және Мұқанқызы Гүлжанат озат іс-тәжірибелелерімен бөлісті. «Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық тәсілдерді қолдану тиімділігі» облыстық семинарында С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің озат тәжірибелі математика пәні мұғалімі Тлеубай Бақыт «Математика сабағында цифрлық платформаларды тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында панорамалық үлгі сабағын көрсетті.
М.Әуезов атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гылымбаева Лаура «Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасары – 2023» облыстық байқауына қатысып, арнайы сертификатпен марапатталды. «Бәсекелес педагог» байқауының облыстық кезеңінде «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы Исайн Мейрамгүл жүлделі І орын жеңімпазы атанды. «Ұстаздық ұлық емес – ұлы қызмет» облыстық эссе байқауында Шәкерім атындағы орта мектебінің жоғары санатты мұғалімі Мұқанқызы Гүлжанат жүлделі ІІ орынды иеленді. «Үздік мектеп кітапханасы-2023» облыстық байқауында С.Бекбосынов атындағы орта мектебі кітапханашысы Жазира Ибраева ІІ орын, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі кітапханашысы Айгүл Омарова ІІІ орындарға ие болды. «Жылдың үздік психологі-2022» байқауының облыстық кезеңінде Ш.Әбенов атындағы орта мектебінің педагог-психологі Сагадиева Айжан ІІІ орынға ие болса, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық байқауында жоғары санатты ұстаз Аубакирова Алуа жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Бірге оқимыз!» облыстық байқауында орыс тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары Камзабаева Айгуль, Имахан Күлзира ІІІ орын жеңімпаздары атанды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олипиадасының облыстық кезеңінде ЖББ Қарауыл гимназиясының педагогі Қайрат Баян, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі педагогтері Байдильдинова Алтынай, Баякеева Алмагуль ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Мектептің үздік ата-аналар қамқоршылық комитеті – 2023» республикалық байқауының облыстық кезеңінде Ш.Әбенов атындағы орта мектебі жүлделі ІІ орынды еншіледі. «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің жоғары санатты педагогі Нығметжанова Гүлжан және Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып педагогі Смагулова Сымбат жүлделі ІІІ орындарды иеленсе, М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры Нұрлыбек Орынбекұлы арнайы алғыс хатпен марапатталды. 2023 жылдың 31 мамыр күні «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында өткен облыстық семинарда «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жанпеисова ата-аналармен жұмыс бойынша инновациялық іс-тәжірибесімен бөлісіп, арнайы сертификат иеленді. 2023 жылдың 29 мамыры күні «Сапалы білім: стратегия, инновация және тәжірибе» тақырыбында өткен облыстық пән мұғалімдерінің форумында ағылшын тілі пәні қауымдастығының жетекшісі Ахметова Ақмарал және орыс тілі мен әдебиеті пәні қауымдастығының жетекшісі Рахатов Нұрүстем қатысып, озат тәжірибемен бөліскені үшін арнайы сертификаттармен марапатталды.
Нәтижелі жұмыстардың барлығы мұғалімдердің біліктілігін көтеру мен жан-жақты ізденудің жемісі. Табысты мұғалім ғана оқушыны табысқа жетелей алады. Заманауи мектептегі мұғалім – уақытты ұтымды пайдалана алатын, міндеттерді нақты анықтай білетін, кез келген мәселені шешудің оңтайлы жолдарын тез табатын, қоғамға қызмет ететін және осыған толық жауапкершілікпен қарайтын көшбасшы. Педагог – ең алдымен, бүкіл оқу процесінің мотиваторы, ол оқушыларға жаңа ақпаратты іздеуде бағыт-бағдар берумен қоса, оны қабылдау, өңдеу және игеру дағдыларын қалыптастыра білуі қажет. Жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз ұстаз ғана алдында отырған оқушынға сапалы білім берумен қоса ізденгіш, дарынды, бүгінгі күннің талабына сәйкес құзыретке ие тұлғаны дайындайды.
Ал мектеп – балалар білім алып, оқуын тәмамдаған соң аттестат беретін мекеме ғана емес, бүгінгі мектептің – жергілікті қауымдастықпен, ата-анамен, қоғамдық бірлестіктермен, қосымша білім беретін мекемелермен, бизнес және өзге де құрырылымдармен тығыз байланыс орната отырып, серіктестікпен жұмыс жасай білуі де маңызды.
Аяулы ұстаздар,әріптестер! Бір де бір ұстаз өзінің бойында жоқ нәрсені шәкіртіне бере алмайтыны тайға таңба басқандай анық нәрсе. Бала біздің күнделікті жүріс-тұрысымыз,сөйлеген сөзіміз, істеген ісіміздің бәрінен өнеге алып, бойына сіңіреді. Әулие Мәшһүр Жүсіптің «Білімнің пайдасы мінезді түзеуден басталады»десе, данышпан Абай «Қазақ азса ақылының жоқтығынан емес қайратының жетіспегенінен азады»-демей ме. Алаш арыстарының көсемі Әлихан Бөкейханов:«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден»-деген ғой. Оқушының құрыш бойына бітетін терең талап, көңліңдегі білімге деген зеректік,әділдік,қарапайымдылық ,бауырмалдық, турашылдық,жауапкершілік,борыш-сияқты жүрегіндегі адами құндылықтар жиынтығының сәулеленуі тәрбиеден екенін жақсы білеміз. Тәрбие тал бесіктен десек те,бүгінгі қоғамның сапалы азаматын дайындауда,білім мен қоса тәрбиені жүргізуде мектептің алатын орыны ерекше. Сондықтан, оқу-ағарту министрлігінің биылғы оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» әзірлеудің өзектілігіне негіз болды Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Адам жанын игілікпен, ізгілікпен қуаттандырып, адами құнды қасиеттермен қанаттандырады. Ал, қазіргі уақыт – өзгермелі әлемдегі жасампаз ұрпақтың дәуірі. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайды. Ал ар-ұят, намыс, адалдық, отаншылдық, жауапкершілік, әдептілік пен инабаттылық, мейірімділік пен бауырмалдық, отбасына сүйіспеншілдік, үлкенге құрмет, кішіге ізетті болу қасиеттері берік қалыптасқ ан жасампаз азаматты тәрбиелеу маңызды. Еліміздің өркендеп дамуы үшін халқын сүйетін, мемлекет мүддесін жоғары ұстайтын, білімді де адал ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі ретінде үнемі назарда ұстауды қажет етеді.Бағдарламада ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейді.
Құрметті әріптестер! Мен сіздерге осы жолда аянбай еңбек етіп ұстаздық миссиямызды адал атқаруға шақырамын. Бала тәрбиесі деген күрделі процес,ол заман талабына сай өзгеріп отыруды, көп ізденуді талап етеді. Мен Сіздерге осынау мерекеде телегей теңіздей білім,темірдей төзім тілеймін. «Биік мансап, биік жартас, оған өрмелеп жылан да, қалықтай ұшып қыранда шығады»-дейді қазақтың қария сөзі. Қыран киелі құс. Ерліктің, Өжеттіктің, Жанкештілктің символы. «Көк еркесі қыранның асыл текті сипаттары шәкірттеріміздің бойынан табылсын. Қырағы болсын. Халқыңа қамқор, жақын бола білетін, Ұлттық мүддені кие тұтатын, Қазақ деген халықтың ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асыратын қайраткерлерді тәрбиелеу біздің қасиетті борышымыз. Шәкәрім атамыз - «Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің, Барыңды нәріңді тіріде бергейсің. Ғибрат қылар артыңда із қалдыр. Шыным сол мәңгілік өлмейсің.» -деген мағыналы мәнге толы сөзін жадымызда ұстайық.
Осы мерекеде Сіздерді тағы бір мәрте құттықтай келе, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, қажымас қайрат, ізгілікті махаббат пен мейірім тілеймін!