«Ел - қорғаны» атты әскери-спорттық олимпиадасы

«Ел - қорғаны» атты әскери-спорттық олимпиадасы

Ағымдағы жылдың 28,29 қыркүйек күндері ауданымызда Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, ұрпақты айбындылық, мейірімділік, төзімділікке баулу, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алуға арналып, ұйымдастырылып отырған бірінші облыстық «Ел - қорғаны» атты әскери-спорттық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 9 аудан мен Семей қаласынан 70 жуық оқушы қатысты. Ашылу салтанатында Абай ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Думан Маратұлы құттықтау сөз сөйлеп, болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі!