
2023 жыдың 26 қыркүйегінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында өткен «Сөз өнерінің құдіреті» облыстық эссе конкурсына Абай ауданы атынан қатысқан оқушылардың барлығы да жүлделі болды.
8 сынып оқушылары арасында ІІ орын «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ оқушысы Серікжанова Гүлім;
9 сынып оқушылары арасында ІІІ орын «Көкбай атындағы орта мектебі» КММ оқушысы Советова Ақберен;
. 10 сынып оқушылары арасында І орын «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ оқушысы Серикова Дина;
11 сынып оқушылары арасында І орын «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ оқушысы Тұрғазина Құндыз;
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!