
Абай облысы білім басқармасының "Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығы"Балалар әлемі" жобасы аясында 2023 жылдың 20 қыркүйек күні Абай облысы Абай ауданы,Қарауыл гимназиясы базасында Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті.
Республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
Балалардың жылдам оқу,логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастыру және сананың ашықтығын дамыту;
Туған елі туралы білімдерін жетілдіру дюжәне отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;
Әлемнің танымал шығармаларымен таныстыру,балалардың таным көкжиегін кеңейту.Байқаудың қортындысы бойынша Қарауыл гимназиясының 8-сынып оқушылары бойынша С.Бекбосынов орта мектебі оқушысы Алдажарова Аймара І-орын, Ш.Тоқжігітов орта мектебінің оқушысы Оралғазықызы Қызғалдақ ІІ-орын, Асқар Назерке ІІІ-орынға ие болды.
9-сынып қортындысы бойынша Ш.Тоқжігітов орта мектебінің оқушысы Саясатова Тоғжан І -орын,Қарауыл гимназиясының оқушысы Асқар Айназ ІІ-орын,Ш.Тоқжігітов орта мектебінің оқушысы Рысқали Еркеназ ІІ-орын,С.Бекбосынов орта мектебінің оқушысы Ералы Аймара ІІІ-орын.
10-сынып бойынша Қарауыл гимназиясының оқушысы Қайсаханова Ажар І-орын,Ш.Тоқжігітов орта мектебінің оқушысы Мақсұтова Жанерке ІІ-орын,С.Бекбосынов орта мектебінің оқушысы ІІ-орын иеленді.Жеңімпаздарды құттықтаймыз.