Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес

"Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі #355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Қамқоршылық кеңестің қызметін 2023-2024 оқу жылына сәйкестендіру жөніндегі жұмысты жүргізу үшін Абай ауданы білім беру, мектепке дейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы жауапты мамандарға онлайн режимінде жиналыс өтті. Жиналыс барысында білім бөлімінің әдіскері А.Аухадиева бұйрықтағы өзгерістерге тоқталып, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын түсіндірді.