
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан- Адал азамат " Ұлттық құрылтайдың екінші отырысындағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында құзырлы органдармен бірлесіп, "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" әзірленген болатын. Осыған орай, Бағдарламамен толық танысып, 2023-2024 оқу жылына бірыңғай аудандық жоспар әзірлеу мақсатында 6 қыркүйек күні ауданның білім беру мекемелерінің ДТІЖО-на арналған аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде "Ұлттық мүдде", "Ар-ұят", "Талап" құндылықтары және негізгі бес жоба бойынша талқылау жұмыстары жүргізіліп, аудан көлемінде бірыңғай жылдық жоспар әзірленді.