
2023 жылдың 5 қыркүйек күні бөлім басшының 2023 жылдың 4 қыркүйегіндегі № 204 бұйрығына сәйкес балалардың тамақтану сапасын тексеру мақсатында құрылған мониторингтік топ мектептерге зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу қорытындысы бойынша барлық мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған; 11 мектеп бойынша 1-4 сынып оқушыларын әлеуметтік жағдайына қарамастан толық ыстық тамақпен қамтығанда барлығы 1283 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр; мектептерде тегін ыстық тамақты ұйымдастырушылармен келісімшарттар жасалынған; санитарлық талаптар сақталған, білім бөлімінің басшысымен бекітілген біріңғай ас мәзірі бойынша ыстық тамақ беріліп отыр; білім алушыларды тамақтандыруға арналған рұқсат етілген буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесі және апталық буфет мәзірі жасалынған