
«Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасын іске асыру аясында 2023 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 11:00 –де аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант болып өтті. Мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту, диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылып отырған диктантқа аудан мектептерінен 375 оқушы қатысты.