Абай ауданының білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің кеңейтілген отырысы

Абай ауданының білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің кеңейтілген отырысы

2023 жылдың 28 тамыз күні аудан әкімі Н.Абдыкаримовтың қатысуымен «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында Абай ауданының білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Кеңеске Абай облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы М. Амирханова, Абай аудандық маслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы, Абай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Т.Аманғазин және ауданның білім беру мекемелерінің басшылары, бөлімнің жетекші мамандары қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Білім беру саласының өзекті мәселелері туралы және аудан білім
саласының қызметкерлерін құттықтауы
(Абай ауданының әкімі Н.Оразбеков )

2. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері
( Абай ауданының білім бөлімінің басшысы Б. Скакова)

3. «Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру»
(Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінің директоры Е.Ақбергенов)

4. «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» (Ш.Әбенов атындағы ЖББ орта мектебінің директоры В.Байбекова)
5. «Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың заманауи басымдықтары» ( «Балдәурен бөбекжайы» КМҚК әдіскері Г.Смагулова)
6. «Балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы» («Абай ауданы білім бөлімі»ММ әдіскері А.Аухадиева)
Жаңа оқу жылының жаңа ерекшеліктері сарапталып, кеңес отырысының Қаулысы мен ұсыныстары білім мекемелеріне жолданды. Кеңестің бейресми бөліміне кезек беріліп, білім берудің жаңашыл өзгерістеріне сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген үздік мекемелер марапатталды.