
2023 жылдың 24 тамыз күні Абай облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық Тамыз кеңесі аясында «Оқуға құштар ұлт» тақырыбында білім қызметкерлері үшін Бірыңғай Республикалық секция отырысы барысында республика бойынша келген қонақтар өңіріміздің мәдени ошақтарымен танысу мақсатында «Жидебай-Бөрілі» мелекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде болып, рухани құндылықтарға мол мағлұматтар алды. Тағлымы мол рухани шара барысында Абай аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің сомдауында «Ұлылар рухының үндестігі» театрландырылған сахналық көрінісін тамашалап, ұлылыр туған топырақтан алған ерекше әсерлерімен бөлісті.