ХХІV республикалық Абай оқулары

ХХІV республикалық Абай оқулары

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының арасында өткен ХХІV республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті. Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған конкурсқа республикамыздың түпкір – түпкірінен 23 команда қатысты.
Ауданымыздан қатысқан 6 оқушымыздың 4 –уі жүлделі орынды иеленіп, командалық есеппен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы» номинациясына қатысқан Шәкерім атындағы орта мектебі»КММ оқушысы Акшекина Аяла Айдаркызы І дәрежелі дипломмен ( жетекшісі Р.Тізгінбай), «Көңілім әнді ұғады номинациясы бойынша қатысқан «М.Әуезов атындағы орта мектебі»КММ оқушысы Жеңісхан Диана І дәрежеі дипломмен (жетекшісі Қ.Қабыланов), «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша қатысқан «Көкбай атындағы орта мектебі»КММ оқушысы Тиыштықбаева Айназ Алтынбекқызы ІІІ дәрежелі дипломмен(жетекшісі А.Қадырова), «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша қатысқан «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ оқушысы Серікқазиева Жансая ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса(жетекшісі Т.Жанғалиев), «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша қатысқан «Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ оқушысы Орынбекқызы Сезім арнайы мақтау қағазымен марапатталды (жетекшісі Т.Рақымбек).
Жеңімпаздар «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының дипломдарымен, арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Ауданымыздың жас дарындарын және жетекшілерін құттықтаймыз!!!