
2023 жылдың 30 мамыр күні Абай облысының білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық Ғылыми-Педагогикалық кітапханасының директоры А.Ш.Сейдембаева бастаған мамандар Абай ауданы мектеп кітапханаларының жұмысымен танысып, әдістемелік көмек көрсету мақсатында және "Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында "Оқуға құштар мектеп" жобаларының іске асырылуын зерделеу үшін "Жалпы орта білім беретін мектебі" КММ,"ЖББ Қарауыл гимназиясы" КММ, "Шәкәрім атындағы орта мектебі" КММ мектептеріне барып мектеп директорларымен кездесті. Мектеп кітапханашыларының
құжаттарын зерделеп, әдістемелік көмектер көрсетті.