2022-2023 оқу жылын қортындылау мақсатында салтанатты жиындар болып өтті

2022-2023 оқу жылын қортындылау мақсатында салтанатты жиындар болып өтті

1 маусым күні Абай ауданының барлық мектептерінде 2022-2023 оқу жылын қортындылау мақсатында салтанатты жиындар болып өтті.

Шара барысында аудан әкімдігінің өкілдері мен білім бөлімінің мамандары аудан әкімімен білім бөлімінің басшысының құттықтауын жеткізіп, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

Сонымен қатар, оқу озаттары және аудандық, облыстық, республикалық сайыстар мен олимпиадаларда жеткен жетістіктері үшін мектеп оқушылары марапатталып, түлектер ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жайдары көңіл-күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспіз. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектерге алдағы емтихан мен ҰБТ - ден сүрінбей өтіп, Абай атамыз айтқандай «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» болып, ата-ана, ұстаздарыңыздың үміттері ақталар деген сенімдеміз.