
2023 жылдың 19 мамыр күні «Жалпы орта білім беретін мектеп»КММ базасында Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі болып өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері- ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге уәждеме қалыптастыру болып табылады. Ауданымыздан 11 мектептен 89 оқушы қатысып, 10 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз.